Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысы мен Қытайдың Цзянсу провинциясы стратегиялық серіктестікті нығайтты

Алматы облысы мен Қытайдың жетекші өңірлерінің бірі – Цзянсу провинциясы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
11.06.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Маңызды құжат екі өңір арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған.

Алматы облысына алғаш рет Қытай Коммунистік партиясы Цзянсу провинциялық комитетінің хатшысы Синь Чансин бастаған ресми делегация келді. Делегацияны облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев қабылдап, тараптар екіжақты ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады.

Кездесу барысында облыс әкімі Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынастар соңғы 34 жылда өзара сенім мен стратегиялық әріптестік негізінде дамып келе жатқанын атап өтті.

«Алматы облысы Қазақстан мен Қытай арасындағы байланыстың маңызды көпірі саналады. Өңір мен Қытай арасындағы тауар айналымы соңғы жылдары 1 миллиард АҚШ долларынан асып, тұрақты өсім көрсетіп келеді. Қазіргі уақытта облыс аумағында Қытай және бірлескен капиталдың қатысуымен 287 кәсіпорын жұмыс істейді. Біз өнеркәсіп, агроөнеркәсіптік кешен, логистика, жоғары технологиялар және жасыл экономика салаларында ұзақмерзімді әрі тиімді жобаларды дамытуға мүдделіміз», – деді Марат Сұлтанғазиев.

Облыс әкімінің айтуынша, бүгінде Алматы облысында жалпы құны 6,2 триллион теңгені құрайтын 216 инвестициялық жоба іске асырылуда. Оның ішінде Қытай капиталы қатысатын 45 жобаның жалпы құны 3,1 триллион теңгеге жетеді. Бұл бастамалар нәтижесінде шамамен 16 мың тұрақты жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

Соңғы жылдары өңірдің Қытаймен байланысы білім беру саласында да нығайып келеді. Қазіргі уақытта Қытайдың түрлі провинцияларындағы жоғары оқу орындарында Алматы облысынан барған 56 студент грант негізінде білім алып жатыр.

Кездесуде туризм саласындағы ынтымақтастыққа да ерекше назар аударылды. Визасыз режимнің енгізілуі туристік ағынның артуына оң әсер еткен. Ресми дерекке сәйкес, 2025 жылы Алматы облысына 147 мыңнан астам шетелдік турист келген. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 13,19 пайызға жоғары. Шетелдік қонақтардың басым бөлігін Қытай азаматтары құраған.

Өз кезегінде Синь Чансин Цзянсу провинциясының экономикалық әлеуетіне тоқталды. Оның айтуынша, өңірде 83 миллионнан астам адам тұрады және экономика көлемі бойынша Қытайда екінші орында тұр.

«Қазақстан – Қытайдың Орталық Азиядағы ең ірі серіктестерінің бірі. Логистикалық әлеуеті халықаралық жүк тасымалы жүйесінде маңызды рөл атқарады. Біздің мақсатымыз – өңіраралық ынтымақтастықты одан әрі күшейтіп, өзара тиімді байланыстарды дамыту. Қол қойылған меморандум осы бағыттағы жұмыстың берік негізіне айналады деп сенемін», – деді Цзянсу провинциясы партия комитетінің хатшысы.

Ресми сапар аясында қытайлық делегацияға қазақ халқының тарихы мен мәдени мұрасын таныстыратын арнайы көрме ұйымдастырылды. Қонақтарға Алматы облысы аумағынан табылған Алтын адамның көшірмесі мен бірегей археологиялық жәдігерлер таныстырылып, олардың тарихи және ғылыми маңызы туралы ақпарат берілді.

Сондай-ақ тараптар өңірде жүзеге асырылып жатқан ірі инвестициялық жобаларды талқылап, өнеркәсіп, энергетика, туризм және технология салаларындағы бірлескен бастамаларды кеңейту мүмкіндіктерін қарастырды.

Осылайша, Алматы облысы мен Қытайдың Цзянсу провинциясы арасындағы серіктестік жаңа кезеңге қадам басты. Сарапшылардың пікірінше, қол қойылған меморандум екі өңір арасындағы инвестициялық ынтымақтастықты күшейтіп, жаңа жобалардың іске асуына жол ашады.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында қоқысқа толған жер телімдерінің иелері тексеріледі

Қорлан Нұрланқызы
11.06.2026

Алматы облысында «ҚазМясо» бордақылау алаңының әлеуеті талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
11.06.2026

Алматы облысында құс фабрикасының өндірістік әлеуеті артады

Қорлан Нұрланқызы
11.06.2026

Алматы облысында тұрғын үй ауласынан шыққан жылан ұсталды

Қорлан Нұрланқызы
11.06.2026

Алматы облысындағы «Кеген – Нарынқол» жолында бір айға қозғалыс шектеледі

Қорлан Нұрланқызы
11.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz