Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

ТЖД рейдке шықты: Алматы облысында бес кеме айып тұрағына қойылды

Шомылу маусымының басталуына байланысты Алматы облысында су айдындарындағы қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері өңірдегі барлық су нысандарында күн сайын рейдтер өткізіп, қауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылауда ұстап отыр, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
08.06.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

ТЖМ мәліметінше, басты назар тұрғындар мен туристер көп жиналатын демалыс орындарына, оның ішінде Қапшағай су қоймасы мен Көлсай көлдеріне аударылған.

Маманда рейдтер күндіз де, түнде де жүргізілетінін айтады. Бақылау тиімділігін арттыру үшін заманауи техникалар пайдаланылуда.

«Су айдындарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында квадроциклдер, ұшқышсыз ұшу аппараттары және кинологиялық есептоптар тартылған», – деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.

Шомылу маусымы басталғалы 43 адам жауапқа тартылған

Құтқарушылар шомылу маусымы 1 маусымда басталғанымен, осы уақыт аралығында судағы қауіпсіздік талаптарын бұзған 43 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын мәлімдеді.

Сонымен қатар, көліктік бақылау инспекциясымен бірлескен тексерулер барысында құжаттары мен тіркеу нөмірлері жоқ бес шағын көлемді кеме арнайы тұраққа қойылған.

Мамандар азаматтарды тек арнайы жабдықталған орындарда шомылуға, балаларды қараусыз қалдырмауға және судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Балалар лагерлерінде түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр

ТЖД қызметкерлері жазғы демалыс кезеңінде балалар қауіпсіздігіне де ерекше көңіл бөлуде. Өңірдегі сауықтыру лагерьлерінде судағы қауіпсіз мінез-құлық қағидалары бойынша арнайы дәрістер, нұсқамалар мен түсіндіру кездесулері ұйымдастырылып жатыр.

Ведомство өкілдері судағы қауіпсіздік талаптарын сақтамау қайғылы жағдайларға әкелуі мүмкін екенін еске салды. Әсіресе мас күйінде суға түсу, балаларды қараусыз қалдыру және тыйым салынған жерлерде шомылу ең қауіпті әрекеттердің бірі саналады.

Осыған байланысты құтқарушылар тұрғындарды демалыс кезінде сақтық шараларын ұмытпауға және төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне хабарласуға шақырды.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында алғаш рет кендір дақылы егілді

Қорлан Нұрланқызы
08.06.2026

Алматы облысына – 4 жыл: өңір қандай жетістіктерге жетті?

Қорлан Нұрланқызы
08.06.2026

Сенат арнайы органдар туралы заңды қабылдады: не өзгереді?

Қорлан Нұрланқызы
08.06.2026

Бірінші сынып оқушыларына арналған жаңа бейімдеу бағдарламасы енгізіледі

Қорлан Нұрланқызы
08.06.2026

ТЖД рейдке шықты: Алматы облысында бес кеме айып тұрағына қойылды

Қорлан Нұрланқызы
08.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz