Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында ауыл шаруашылығы форумы өтті

Алматы облысының Райымбек ауданында алғаш рет ауыл шаруашылығы форумы ұйымдастырылды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
08.06.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Ауданның 90 жылдық мерейтойы қарсаңында өткен ауқымды шараға шаруалар, кәсіпкерлер, ғалымдар, салалық мамандар мен жергілікті тұрғындар қатысты.

Форум аясында тыңайтқыштар, ауыл шаруашылығына арналған дрондар, заманауи агротехнологиялар көрмесі ұйымдастырылып, жергілікті өндірушілер өз өнімдерін таныстырды. Сондай-ақ шаруашылықтар мен ғылыми-зерттеу институттары арасында ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.

Шараның негізгі мақсаты – ауыл шаруашылығы саласының әлеуетін арттыру, ғылым мен өндіріс арасындағы байланысты нығайту және жаңа технологияларды енгізу болды.

Форумда мемлекеттік қолдаудың арқасында кәсібін дамытып отырған кәсіпкерлер өз тәжірибелерімен бөлісті. Солардың бірі – «Әшірақын Диас» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі.

Кәсіпорын 2025 жылы «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы 27 миллион теңге несие алып, қора-жай салып, 3000 бас тауық сатып алған. Қазіргі таңда кооператив Райымбек пен Кеген аудандарын экологиялық таза тауық етімен және жоғары сапалы жұмыртқамен қамтамасыз етіп отыр.

Ал «Райымбек омарташылары» өндірістік кооперативі табиғи, қантсыз бал өндірумен айналысады. Қазір мұнда 100-ден астам омарта бар. Балдан бөлек, емдік қасиеті бар 15 түрлі өнім шығарылады.

Кооператив алдағы жылдары омарта санын 500-ге дейін көбейтуді жоспарлап отыр. Бұл жаңа жұмыс орындарын ашып, өңірдегі экологиялық таза өнім көлемін арттыруға мүмкіндік береді.

Форум барысында ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институттарының өкілдері топырақ деградациясы, мал аурулары және өзге де қауіп-қатерлердің алдын алуға бағытталған жобаларын таныстырды.

Нәтижесінде шаруалар ғылыми ұйымдармен әріптестік орнатып, бірлесіп жұмыс істеуге келісті. Сонымен қатар кәсіпкерлерге лизинг арқылы ауыл шаруашылығы техникалары табысталды.

Райымбек ауданының әкімі Дастан Құдабаев ауданның аграрлық әлеуетін дамытуға бағытталған жаңа жобалар туралы айтты.

Оның сөзінше, бүгінде ауданда 2500 гектардан астам аумақта су үнемдеу технологиялары қолданылуда. Биыл тағы 1800 гектар жерге заманауи жүйелер орнату жоспарланған.

Сондай-ақ ауданда ирригациялық инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта 6 су қоймасы, 8 магистральдық және 13 ішкі шаруашылық каналын қалпына келтіру жобалары жүзеге асырылып жатыр.

Бұл шаралар су ресурстарын тиімді пайдалануға, ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін арттыруға және экспорттық әлеуетті күшейтуге мүмкіндік береді.

Райымбек – мал шаруашылығы дамыған өңір

Қазіргі таңда ауданда 66 мың бас ірі қара, 267 мың қой мен ешкі және 42 мың жылқы өсіріледі. Өңірде 2316 шаруа қожалығы жұмыс істейді.

Мал шаруашылығында асыл тұқымды мал өсіру бағытындағы жұмыстар да қарқын алған. Бүгінде 12 шаруашылық ірі қара тұқымын асылдандырумен айналысса, 6 шаруашылық асыл тұқымды қой өсіруді қолға алған.

Ауданда «Ангус», «Герефорд», «Қазақтың ақбас сиыры», «Қалмақ» тұқымдары, сондай-ақ «Архар меринос» пен «Иль-де-Франс» қойлары өсіріледі.

Биыл аудан әкімдігі мен Қазақ ұлттық аграрлық университеті арасында мал тұқымын асылдандыру бойынша ынтымақтастық туралы меморандум жасалған. Соның нәтижесінде университет ғалымдары шаруашылықтарға ғылыми және әдістемелік қолдау көрсететін болады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, форум ауыл шаруашылығындағы өзекті мәселелерді талқылауға, шаруалардың тәжірибе алмасуына және жаңа технологиялармен танысуына мүмкіндік берді.

Сондықтан алғаш рет өткізілген бұл алаң алдағы жылдары дәстүрлі түрде ұйымдастырылып, өңірдің аграрлық саласын дамытуға үлес қоса бермек.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Сенат арнайы органдар туралы заңды қабылдады: не өзгереді?

Қорлан Нұрланқызы
08.06.2026

Бірінші сынып оқушыларына арналған жаңа бейімдеу бағдарламасы енгізіледі

Қорлан Нұрланқызы
08.06.2026

ТЖД рейдке шықты: Алматы облысында бес кеме айып тұрағына қойылды

Қорлан Нұрланқызы
08.06.2026

Балалар интернетте кіммен сөйлесіп жүр? ІІМ ата-аналарға кеңес берді

Қорлан Нұрланқызы
08.06.2026

Алматы облысында ауыл шаруашылығы форумы өтті

Қорлан Нұрланқызы
08.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz