Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Балаларды буллинг және педофилиядан қорғау жоспары талқыланды

ІІМ мен Білім министрлігі басшыларының бірлескен отырысында оқушылар мен оқу орындары қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету талқыланды, деп хабарлайды Alataunews.kz Polisia.kz -ке сілтеме жасап.

24.08.2022
Жаңалықтар, Қоғам

«Оқушылар мен қызметкерлерді қоса алғанда, халықтың 20%-дан астамы білім беру саласында. Олардың алаңсыз сапалы білім алу үшін қауіпсіз жағдай жасау ең өзекті және басты мәселелердің бірі. Бұл бағытта көп жұмыстар атқарылды. Егер заңнамалық бастамаларға тоқталатын болсақ: кәмелетке толмағандарды зорлағаны үшін 20 жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан айыру қарастырылған. Педофилдерге кешірім жасауға және мерзімінен бұрын босатуға тыйым салынды. Қудалау (буллинг) және кибербуллинг ұғымдары заңды түрде енгізілді. Енді баласына қатысты кибербуллинг фактісі анықталған кез келген ата-ана осындай сайттарды бұғаттау үшін уәкілетті органға жүгінуге құқылы», — деді ІІМ басшысы Марат Ахметжанов.

Сондай-ақ, бүкіл ел бойынша «Назар аударыңыз – балалар!» акциясы басталды. Шара барысында көше-жол желісі, мектеп автобустарымен жолаушылар тасымалдаушылардың лицензияларды тексеріледі.

«Қыркүйек айының басынан бастап бес мыңнан астам тергеуші мектептерге келіп, алдын алу мақсатында қажетті кездесулер өткізеді. Бұл мәселеге мектеп директорлары мен білім беру бөлімдерінің басшылары белсенді қатысады. Әрине, оқу жылының басында біз әдетте ішкі істер органдарына мектептер жанындағы кезекшілікті күшейтуді ұйымдастыру, құқық бұзушылықтар, арнайы белгілер орнату бойынша жүгінеміз. Сондықтан, осы жұмысты бірлесе отырып, тиісті деңгейде жүргіземіз деп ойлаймын», – деді Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов.

Сонымен қатар, екі ведомство басшылары елордалық жедел басқару орталығында болып, мектептерде орнатылған камералар мен дабыл түймелерінің мүмкіндіктерін көрсетті.

Қазіргі уақытта елдегі 7386 ірі мектепте бейнебақылау бар. Стационарлық «дабыл түймелері» 3514 мектепте, мобильдісі – 1212 мектепте орнатылған.

Кеңес қорытындысы бойынша әкімдіктерге өңірлердегі полицейлермен бірлесіп балалар мен педагогтардың қатысуымен түсіндіру және оқыту жұмысын жүргізуге тапсырмалар берілді.

Тегтер: буллингІІМ

Соңғы жаңалықтар

СІМ басшысы: Қазақстан заңсыз көші-қонмен күресті күшейтіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Қазақстанда медициналық мақсаттағы есірткі құралдарының тізімі кеңейтілді

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында өрік фестивалі өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында 251 млн теңге субсидияны заңсыз алғандарға сот үкімі шықты

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz