Осыған байланысты мамандар тұрғындарға төтенше жағдай кезінде сақталуы тиіс негізгі қауіпсіздік ережелерін еске салды.
Ең алдымен, жер сілкінісі кезінде сабыр сақтап, дүрбелеңге бой алдырмау маңызды. Мамандардың айтуынша, адамдардың көпшілігі дәл паника салдарынан жарақат алады.
Сондай-ақ дүмпу кезінде лифт пен баспалдақты пайдалануға болмайды. Терезелерден, ауыр жиһаздардан және аспалы шамдардан алыс тұрған жөн.
Егер көпқабатты ғимараттың жоғарғы қабатында болсаңыз, қауіпсіз орын ретінде негізгі көтергіш қабырғалардың бұрышын таңдаңыз. Жер асты дүмпулері тоқтағаннан кейін ғана ғимараттан шығуға кеңес беріледі.
Мамандар жер сілкінісінен кейін су, газ және электр қуатын өшіруді ұсынады. Сонымен қатар алдын ала дайындалған төтенше жағдай сөмкесін өзіңізбен бірге алып шығу қажет.
Ашық алаңға шыққан кезде электр желілерінен, ғимараттардан және ағаштардан алыс болу керек. Себебі қайталама дүмпулер кезінде түрлі нысандар құлау қаупі бар.
Сарапшылар жер сілкінісінен кейін қайталама дүмпулер болуы мүмкін екенін ескертіп, тұрғындарды сақ болуға шақырады.
Сондай-ақ төтенше жағдай кезінде егде жастағы адамдарға, балаларға және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көмек көрсету маңызды.
Мамандар тұрғындарға тек ресми ақпарат көздеріне сеніп, жалған ақпарат таратпауға және қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға кеңес береді.
Жер сілкінісі кезіндегі 10 негізгі ереже:
- Сабыр сақтаңыз, дүрбелеңге бой алдырмаңыз.
- Лифт пен баспалдақты пайдаланбаңыз.
- Терезелер мен ауыр жиһаздардан алыс тұрыңыз.
- Берік әрі қауіпсіз жерге паналаңыз.
- Дүмпулер тоқтаған соң ғана ғимараттан шығыңыз.
- Су, газ және электр қуатын өшіріңіз.
- Төтенше жағдай сөмкесін өзіңізбен бірге алыңыз.
- Электр желілері мен ғимараттардан алыс болыңыз.
- Қайталама дүмпулерге дайын болыңыз.
- Көмекке мұқтаж адамдарға қолдау көрсетіңіз.





