Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстандық жасөспірімдерге қауіп: ІІМ жаңа алаяқтық схема туралы ескертті

Қазақстан Ішкі істер министрлігі интернет кеңістігінде алаяқтардың жасөспірімдерді банк карталарына байланысты заңсыз схемаларға тарту жағдайлары жиілеп кеткенін ескертті, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
03.06.2026
Жаңалықтар

Ведомство мәліметінше, мұндай схемалар көбіне әлеуметтік желілерде, мессенджерлерде немесе онлайн ойындарда басталады.

«Әдетте бәрі мессенджерде, онлайн ойында немесе әлеуметтік желіде бір хабарламадан басталады. Бейтаныс адам «жеңіл табыс» ұсынып, картаға түскен ақшаны басқаға жіберуді немесе қолма-қол ақшаға айналдыруды сұрайды. Шын мәнінде бұл ұрланған қаражатты жымқыру схемасы болып саналады», – деп мәлімдеді ІІМ.

Министрлік алаяқтар өздерінің ізін жасыру үшін «дроп» деп аталатын адамдарды пайдаланатынын айтады. Бұл жағдайда ақша бірнеше бөгде шот арқылы өткізіліп, қылмысты ұйымдастырушылардың кім екені анықталмай қалады.

ІІМ мұндай әрекеттерге байқамай араласудың өзі ауыр құқықтық салдарға әкелуі мүмкін екенін атап өтті.

«Мұндай операцияларға тіпті байқамай қатысу да ауыр салдарға әкелуі мүмкін», – делінген ведомство хабарламасында.

Осыған байланысты министрлік ата-аналар мен жасөспірімдерді сақ болуға шақырып, бірнеше маңызды ережені еске салды.

Атап айтқанда, азаматтарға банк карталарының деректерін және мобильді банк қосымшалары туралы мәліметтерді бөгде адамдарға бермеу, ақша аудару арқылы «жеңіл табыс табу» жөніндегі күмәнді ұсыныстарға келіспеу ұсынылады.

Сондай-ақ күмәнді жағдай туындаған жағдайда міндетті түрде ата-аналарға немесе сенімді ересек адамға хабарлау қажет.

Тегтер: ескертуІІМ

Соңғы жаңалықтар

Марат Сұлтанғазиев: Алматы облысы инвестиция мен өндірістің жаңа кезеңіне қадам басты

Қорлан Нұрланқызы
03.06.2026

Мәжіліс депутаты: Қазақстанда құмар ойынға тәуелділер саны 700 мыңға жетті

Қорлан Нұрланқызы
03.06.2026

Тоқаев Кипр президентін қарсы алды

Қорлан Нұрланқызы
03.06.2026

Қазақстандық жасөспірімдерге қауіп: ІІМ жаңа алаяқтық схема туралы ескертті

Қорлан Нұрланқызы
03.06.2026

Әлем чемпионатының ойындары Қазақстанда қай уақытта көрсетіледі?

Қорлан Нұрланқызы
03.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz