Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Әлем

Әлем чемпионатының ойындары Қазақстанда қай уақытта көрсетіледі?

2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының Қазақстан уақытына сәйкестендірілген ресми матч кестесі жарияланды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
03.06.2026
Әлем, Жаңалықтар

Алайда турнирдің ойын кестесі қазақстандық жанкүйерлерді қуанта қойған жоқ. Себебі матчтардың басым бөлігі түнгі уақытта, таңсәріде немесе жұмыс күні басталар сәтте өтеді.

Футболдан әлем чемпионаты 11 маусымда АҚШ, Канада және Мексикада басталады. Турнирдің ашылу матчында Мексика құрамасы Оңтүстік Африкамен кездеседі. Ойын Мехикодағы әйгілі «Ацтека» стадионында өтеді. Қазақстан уақыты бойынша кездесу 12 маусым күні сағат 00:00-де басталады.

Үш елде қатар өтетін бұл әлем біріншілігі тарихтағы ең ауқымды турнир болмақ. Алғаш рет чемпионатқа 48 құрама қатысып, жалпы саны 104 матч ойнатылады.

Қазақстандық көрермендер үшін басты қиындық – уақыт айырмашылығы. Солтүстік Америкадағы матчтардың көпшілігі Қазақстан уақыты бойынша түнгі және таңғы мезгілдерге сәйкес келеді. Бұл жанкүйерлерге сүйікті құрамаларының ойындарын көру үшін ұйқы тәртібін өзгертуге тура келетінін білдіреді.

Әлем чемпионаты ойындарының трансляциясын Қазақстан аумағында Qazaqstan және Qazsport телеарналары көрсетеді.

Тегтер: әлем чемпионатыспортфутбол

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Amanat Drive» қаржы пирамидасының басшысы сотталды

Қорлан Нұрланқызы
02.09.2026

Қонаевта рекорд: жазда қалаға 2 миллионға жуық турист келді

Қорлан Нұрланқызы
02.09.2026

Алматы облысында мобильді дәрігерлер аудан тұрғындарын қабылдайды

Қорлан Нұрланқызы
02.09.2026

Алматы облысы халық саны бойынша елімізде алдыңғы қатарда

Қорлан Нұрланқызы
02.09.2026

10 қыркүйектен бастап электр энергиясының тарифтері қайта қаралады

Қорлан Нұрланқызы
02.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz