Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Президент Алматы облысының әлеуетіне жоғары баға берді

Тоқаев Алматы облысына жұмыс сапары барысында елдегі саяси реформалардың жүзеге асу барысы мен өңірлердің даму перспективаларына тоқталды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
02.06.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Мемлекет басшысының айтуынша, бүгінде қолданыстағы заңнамаларды Конституция талаптарына сәйкестендіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алдағы кезеңде Құрылтай сайлауы өткізіліп, Халық кеңесі құрылмақ.

Президент қазіргі уақытта Парламентте «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі қаралып жатқанын айтты.

«Бұл өзгерістер күшіне енген соң мәслихаттардың ықпалы артады. Аймақтағы депутаттар бюджетті бөлуге тікелей араласатын болады», – деді Мемлекет басшысы.

Оның айтуынша, бұл қадам өңірлердегі өкілді билік органдарының бақылау тетіктерін күшейтіп, жергілікті басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

«Соның нәтижесінде облыстар мен қалалардағы жергілікті өкілді биліктің бақылау тетіктері күшейеді. Бұл маңызды қадам аймақтардың дербестігін арттыра түседі», – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қонаев қаласының облыс орталығы мәртебесін алғанына биыл төрт жыл толатынын еске салып, осы уақыт аралығында қалада ауқымды жұмыстар атқарылғанын атап өтті.

Президенттің айтуынша, бүгінде Қонаев біртіндеп әкімшілік, туристік және іскерлік орталық ретінде қалыптасып келеді.

«Шаһарда ауқымды жұмыс істеліп жатыр. Қала біртіндеп әкімшілік, туристік және іскерлік орталық ретінде қалыптасуда», – деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар Президент Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық әлеуеті жоғары екенін және өңірге инвесторлардың қызығушылығы артып келе жатқанын жеткізді.

«Жалпы, Алматы облысының өсіп-өркендеуі үшін барлық мүмкіндік бар. Өңірге инвесторлар назар аудара бастады», – деді ол.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қонаев және Алатау қалаларының дамуы өңірдің өркендеуіне жаңа серпін беретінін атап өтті.

«Қонаев пен Алатау қалаларының дамуы аймақтың көркеюіне зор серпін бермек. Біз күш-жігерімізді біріктіріп, белсенді жұмыс істесек, барлық мақсатқа жетеміз», – деді Президент.

Сөз соңында Мемлекет басшысы өңірдің дамуына үлес қосып жүрген азаматтарға алғыс білдіріп, олардың еңбегін жоғары бағалады.

«Сіздер Алматы облысының дамуына және еліміздің өркендеуіне мол үлес қосып келесіздер. Баршаңызға шынайы ризашылығымды білдіремін», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
16.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
16.09.2026

Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ іс

Акжаркын
16.09.2026

Алматы облысының прокуратура қызметкеріне қатысты тексеру жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz