Салтанатты рәсім барысында Мемлекет басшысы марапат иелерінің кәсіби қызметі мен көпжылдық еңбегін жоғары бағалап, олардың ел дамуына қосқан үлесі ерекше екенін атап өтті.
Президенттің айтуынша, елдің өсіп-өркендеуі мен қоғамның әл-ауқатын арттыру жолында аянбай еңбек етіп жүрген азаматтардың еңбегі әрдайым құрметке лайық.
Марапаттау рәсімі Алматы облысына жұмыс сапары аясында өткен кеңес пен бірқатар іс-шаралардың қорытындысында ұйымдастырылды.










