Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Көкжайлауда жоғалып кеткен шетелдік студент түнімен іздестірілді

Алматы қаласындағы Көкжайлау шатқалы маңында туристік топтан қалып қойған шетелдік студентті құтқарушылар түн ішінде тауып, қауіпсіз жерге жеткізді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
30.05.2026
Жаңалықтар

Оқиға Бостандық ауданындағы Көкжайлау шатқалы аумағында болған. Таудан түсіп келе жатқан туристік топтың бір мүшесі артта қалып қойған. Оның серіктері бірнеше рет хабарласуға тырысқанымен, ұялы телефоны өшірулі болғандықтан байланысқа шыға алмаған.

Туристер жоғалған азаматты өз бетімен таба алмаған соң, түнгі уақытта құтқарушылардан көмек сұраған.

ТЖМ мәліметінше, іздестіру-құтқару жұмыстарына «Барыс» республикалық жедел-құтқару жасағының мамандары жұмылдырылды.

«Құтқарушылар оқиға орнына жедел жетіп, таулы аумақты тексеруге кірісті. Іздестіру жұмыстары түнгі уақытта, көріну мүмкіндігі шектеулі жағдайда жүргізілді. Нәтижесінде Көкжайлау шатқалынан төмен орналасқан аумақтан туристік топтан қалып қойған Иран Республикасының азаматы, студент жігіт табылды», – делінген ведомство таратқан хабарламада.

Белгілі болғандай, жас жігіт тау беткейінде ұйықтап жатқан. Құтқарушылар оны тауып, жағдайын тексерген.

Медициналық тексеру барысында студенттің денсаулығына ешқандай қауіп жоқ екені анықталды. Оған медициналық көмек қажет болмаған.

Құтқарушылар шетелдік азаматты қауіпсіз жерге жеткізіп, таудан аман-есен түсірді.

ТЖМ өкілдері тұрғындар мен туристерге тауға шығар алдында бағытты алдын ала жоспарлап, байланыс құралдарының қуатын тексеруге және топтан бөлінбеуге кеңес береді.

Тегтер: ІІМКөкжайлауқұтқарушылар

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда күн 44 градусқа дейін күн ысиды: синоптиктер үш күндік болжам жариялады

Қорлан Нұрланқызы
27.07.2026

Қазақстандағы барлық перинаталдық орталықтарда ауқымды тексеру басталады

Қорлан Нұрланқызы
27.07.2026

Бір сәттік қателік – өмірлік өкініш: жол қауіпсіздігі туралы ой

Диана Ахметова
27.07.2026

Алаяқтардың арбауына түспеңіз: интернеттегі қауіпсіздік ережелері

Диана Ахметова
27.07.2026

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл – ұлт қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды міндеті.

Диана Ахметова
27.07.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz