Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Президент экономикалық мәселелер жөнінде кеңес өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен кеңестің күн тәртібінде еліміздің 2023-2027 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамы, сондай-ақ 2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасына қатысты мәселелер қаралды, деп хабарлайды Alataunews.kz ақпарат агенттігі БОРТ№1 телеграм каналына сілтеме жасап.

23.08.2022
Жаңалықтар, Саясат

Премьер-Министр ұсынған макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша 2022 жылы жалпы ішкі өнімнің нақты өсімі 3 пайыздан кем болмайды. Ал 2023 жылы 4 пайызға жетеді.

Президент ұсынылған әлеуметтік-экономикалық даму болжамының тепе-теңдігін атап өтті. Үкіметтің деректеріне сәйкес, жалпы ішкі өнімнің номиналды өсімі биылғы 103,6 триллион теңгеден 2023 жылы 120,7 триллион теңгеге дейін жетеді деп болжанып отыр. Болжам бойынша келесі жылы салық түсімдерінің артуы есебінен бюджеттің кіріс бөлігі 10,5 триллион теңгеден 13,5 триллион теңгеге дейін ұлғаяды.

Республикалық бюджет жобасының оң аспектісі ретінде Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферттердің 2022 жылғы 4 триллион теңгеден 2023 жылы 2,2 триллион теңгеге дейін күрт төмендеуін айтуға болады. Макроэкономикалық тұрақтылыққа шикізаттық емес дефициттің 2023 жылы 8,3 пайыздан 6,8 пайызға дейін төмендеуі де оң әсер етеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет назарын тағы да қаржыны тиімді жоспарлау мен үлестіру қажеттілігіне аударды. Жалпы алғанда, Президент Қазақстан Республикасының 2023-2027 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының ұсынылған болжамын және 2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын кеңес барысында талқыланған мәселелерді жетілдіруді ескерте отырып, қолдады.

 

Тегтер: кеңесҚасым-Жомарт Тоқаевмемлекет басшысы

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Конституция күні енді 15 наурызда атап өтіледі

Қорлан Нұрланқызы
12.07.2026

Алматы облысында өткен «Хантәңірі қазынасы» этнофестиваліне 25 мыңға жуық қонақ келді

Қорлан Нұрланқызы
12.07.2026

Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
12.07.2026

Шалкөдеде «Хантәңірі қазынасы» халықаралық этнофестивалі басталды

Қорлан Нұрланқызы
11.07.2026

Алматы облысында жануарлардың жұқпалы ауруларымен күреске 5 млрд теңге бөлінді

Қорлан Нұрланқызы
11.07.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz