Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Алматы облысында алдағы екі тәулікте ауа райы құбылмалы болып, жел күшейіп, қатты жауын-шашын түсуі мүмкін, деп хабарлайды alataunews.kzн

Қорлан Нұрланқызы
23.04.2026
Аймақ, Жаңалықтар

Синоптиктердің болжауынша, 23-24 сәуір аралығында өңірде жауын-шашын күтіледі, кей жерлерде нөсер жаңбыр жаууы ықтимал. Мамандардың мәліметінше, жауын-шашын 23 сәуір күні түстен кейін басталып, кешке қарай күшейеді.

Күндіз ауа температурасы +19…+22 градусқа дейін жетсе, түнде +14…+16 градус жылы болады.

24 сәуірде де жауын-шашын жалғасады. Бұл күні күндіз +22…+24 градус, түнде +16…+18 градус болады деп болжанған.

Синоптиктердің айтуынша, өңірге тұрақты жылы ауа райы келесі аптада оралады. Алайда сәуірдің соңы мен мамырдың басында ауа райы тұрақсыз болып, жиі жаңбыр жауып, екпінді жел соғуы мүмкін.

Сонымен қатар мамыр айында найзағай күтіледі. Таулы аумақтарда түнгі уақытта тұман түсіп, үсік жүруі ықтимал.

Мамандар тұрғындарға ауа райы болжамын бақылап, қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес береді.

Тегтер: Алматы облысыауа райы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz