Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанда мектеп бітіру кештерін өткізу талаптары нақтыланды

Қазақстанда білім беру ұйымдарында өтетін мектеп бітіру іс-шараларын ұйымдастыру талаптары нақтыланды, деп хабарлайды alataunews.kz Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қорлан Нұрланқызы
13.04.2026
Жаңалықтар

Ведомство мәліметінше, Оқу-ағарту және Ішкі істер министрліктері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, орта білім беру ұйымдарында бітіру кештерін өткізуге қатысты жаңа талаптарды бекітуде. Осы мақсатта бірлескен бұйрық қабылданады.

Қабылданған шаралар оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, олардың құқықтарын қорғауға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.

Атап айтқанда, аттестаттарды табыстау рәсімі тек білім беру ұйымдарының ғимараттарында өткізіледі. Сонымен қатар бітіру кештерін мектептен тыс жерлерде ұйымдастыруға жол берілмейді.

Министрлік мәліметінше, білім алушылардан, олардың ата-аналарынан немесе заңды өкілдерінен ақша және өзге де материалдық құндылықтарды жинауға қатаң тыйым салынады.

Жергілікті атқарушы органдарға қаржылық шығындарды талап етпейтін тәрбиелік және мәдени-ағартушылық іс-шараларды ұйымдастыру, сондай-ақ түсіндіру жұмыстарын жүргізу тапсырылды.

Ал ішкі істер органдарына қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар қабылдау жүктелді.

Тегтер: Қазақстанминистрлік

Соңғы жаңалықтар

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
16.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
16.09.2026

Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ іс

Акжаркын
16.09.2026

Алматы облысының прокуратура қызметкеріне қатысты тексеру жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz