Мемлекет басшысы бұл маңызды саяси науқан туралы алдын ала хабарлауды қажет деп санайтынын атап өтті.
«Мемлекет басшысы ретінде еліміз үшін елеулі оқиғалар туралы алдын ала ақпарат беру өте маңызды деп санаймын. Конституция күшіне енген сәттен бастап бір палаталы Құрылтай сайлауын өткізу жөніндегі Жарлыққа қол қоямын. Сайлау биыл тамыз айында өтеді. Мұны әдейі ерте айтып отырмын. Өйткені партиялардың жоспарларын айқындап, сайлау науқанына дайындық жүргізуіне жеткілікті уақыты болуы керек. Осылайша, партиялардың сайлаушылармен тиісті жұмыс жүргізуіне бес айға жуық уақыт беріледі», — деді Президент.
Тоқаевтың айтуынша, Құрылтай сайлауы Қазақстанның бүкіл саяси жүйесін ауқымды түрде жаңғыртуға жол ашады.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы бұл реформалар саяси және экономикалық өзгерістермен қатар, қоғамдық сананың оң бағытта жаңаруына ықпал етуі тиіс екенін атап өтті.





