Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында «Белсенді ұзақ өмір орталығы» бір жылда 121 адамды қамтыды

Алматы облысында аға буын өкілдеріне арналған «Белсенді ұзақ өмір орталықтарының» жұмысы нақты нәтижелер көрсете бастады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
10.04.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Қарасай ауданындағы осындай орталық 2025 жылдың 16 сәуірінде Ұмтыл ауылдық мәдениет үйі базасында ашылған. Бастама егде жастағы азаматтардың өмір сапасын арттыруға бағытталған кешенді әлеуметтік саясаттың бір бөлігіне айналған.

Орталық ашылған кезде 65 адам тіркелсе, бүгінде келушілер саны 121-ге жеткен. Бұл жобаға деген сұраныстың артқанын көрсетеді.

Бір жылдық мерейтой аясында ұйымдастырылған іс-шаралар орталықтың қызметін жан-жақты танытты. Қатысушылар тек көрермен емес, белсенді қатысушы ретінде түрлі бастамалар ұсынып, ұйымдастыру жұмыстарына да атсалысқан.

Мерекелік шара “Қолдан туған құндылық” атты көрмемен басталып, онда қатысушылардың қолөнер бұйымдары ұсынылды. Кейін концерттік бағдарлама жалғасып, күй орындалып, ән шырқалып, би биленді. Сонымен қатар орталықтың бір жылдық жұмысын қорытындылаған бейнеролик көрсетілді.

Қазіргі таңда орталық 11 бағыт бойынша тұрақты қызмет көрсетеді. Мамандардың айтуынша, алғаш келген азаматтардың денсаулық жағдайы мен әлеуметтік белсенділігі төмен болған. Алайда жүйелі жұмыстың нәтижесінде оң өзгерістер байқалған.

«Бір жылдың ішінде қызмет алушылар арасында жаңа әлеуметтік байланыстар қалыптасып, олардың қоғамдық өмірге қатысу деңгейі артты. Ең маңызды жетістіктердің бірі – цифрлық сауаттылықтың өсуі. Қатысушылар смартфон, мессенджерлер мен бейнеқоңырауларды еркін меңгеріп, заманауи ақпараттық кеңістікке бейімделе бастады», – деді Қарасай аудандық «Белсенді ұзақ өмір орталығы» филиалының кеңесшісі Аңса Дүйсенбай.

Мамандардың сөзінше, бұл өзгерістер – тек статистика емес, нақты адамдардың өміріндегі оң нәтижелер.

Айта кетейік, Қарасай ауданындағы «Белсенді ұзақ өмір орталығы» бір жылдың ішінде тиімді әлеуметтік алаңға айналып, егде жастағы азаматтардың белсенді өмір сүруіне мүмкіндік беріп отыр.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Белсенді ұзақ өмір орталығы» бір жылда 121 адамды қамтыды

Қорлан Нұрланқызы
10.04.2026

Талғар ауданында екі жаңа мектеп ашылды: үш ауысымды оқыту мәселесі шешіліп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
10.04.2026

Наурыздағы ҰБТ қорытындысы шықты: ең жоғары балл — 140

Қорлан Нұрланқызы
09.04.2026

Алматы облысында бір жылда 44 жаңа медициналық нысан ашылды

Қорлан Нұрланқызы
09.04.2026

Қонаевта қамыс өртеніп жатыр: оқиға орнына құтқарушылар жетті

Қорлан Нұрланқызы
09.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz