Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысында шегірткеге қарсы химиялық өңдеу 153 мың гектардан астам аумақты қамтиды

Алматы облысында шегіртке зиянкестеріне қарсы күрес аясында 153 963 гектар жерге химиялық өңдеу жүргізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Alataunews.kz.  Жұмыстарды бастау мамыр айының алғашқы онкүндігіне белгіленген.

Мөлдір Иманмади
07.04.2026
Жаңалықтар

Қонаев қаласында Алматы облысы бойынша шегіртке зиянкестеріне қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру мәселесі талқыланды. Жиынға облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы, аумақтық инспекция, Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығының өкілдері мен мердігер компаниялар қатысты. Кездесуге облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Д. Сыдықов төрағалық етті.

Берілген мәліметтерге сәйкес, өңірде үйірлі және саяқ шегірткелерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары жалпы 153 963 гектар аумақта жүргізіледі. Оның ішінде ерекше қауіпті үйірлі шегірткелерге қарсы 83 389 гектар жер қамтылмақ. Атап айтқанда, итальяндық прусқа қарсы – 61 369 гектар, ал азиялық шегірткеге қарсы – 22 020 гектар жер өңделеді. Сонымен қатар, саяқ шегірткелерге қарсы жұмыстар 70 574 гектар аумақта жүргізіледі.

Химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізетін мердігер ұйымдар да анықталған. Олар – «7SU TRADE» ЖШС, «AVIASILA» ЖШС және «КазАвиация» ЖШС. Жұмысқа 1 жеңіл ұшақ, 6 аса жеңіл ұшақ және 30 бірлік жер үсті техникасы жұмылдырылады.

Қазіргі уақытта облыс аумағында шегірткенің күбіршектерін анықтау бойынша қазба жұмыстары басталып, 2000 гектар жер зерттелген. Мамандардың болжамынша, негізгі химиялық өңдеу жұмыстары мамыр айының бірінші онкүндігінде басталады.

Жауапты органдар шегіртке тектес зиянкестерге қарсы іс-шараларды ұйымдастыру жұмыстарын жалғастырып жатқанын мәлімдеді.

Тегтер: алматы облысының жаңалықтарыБасты жаңалықтаршегірткеге қарсы күрес

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында шегірткеге қарсы химиялық өңдеу 153 мың гектардан астам аумақты қамтиды

Мөлдір Иманмади
07.04.2026

Алматыда адам өліміне әкелген жол апаты: ZEEKR жүргізушісі қамауға алынды

Қорлан Нұрланқызы
07.04.2026

Алматы облысында ядролық-протондық терапия орталығын салу жобасы талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
07.04.2026

Алматы облысында қызылшаға қарсы күрес: бас санитармен сұхбат

Қорлан Нұрланқызы
06.04.2026

Қаскелеңде әлемдік деңгейдегі «Dala Stage» кинопавильонының құрылысы басталды

Қорлан Нұрланқызы
06.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz