Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Талғар ауданы: биыл ашылатын мектеп төңірегінде тағы дау шықты

Талғар қаласындағы жаңадан бой көтерген 1200 орындық мектептің басы даудан айырылмай тұр. Бұл жолғы мәселе қазақ мектебіне қатысты уәде жайлы әлеуметтік желідегі жазба төңірегінде өрбіді. Бұған қатысты Талғар ауданының Білім бөлімі мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Alataunews.kz.

22.08.2022
Жаңалықтар, Қоғам

Журналист Қарагөз Сімәділ өзінің Facebook парақшасында: «Талғардағы 25-мектеп қазақ мектебі болады деп уәде берген еді. Оның видеосын салдым. Алайда, сөз басқа, іс басқа болып тұр. Бала саны жетпейді деген сылтау айтылды. 889 қазақ оқушының ата-анасының өтініші мен дерегі жиналды. Мәжіліс депутаттары Қазыбек Иса, Жанарбек Әшімжан дәл осы мектепке қатысты мән-жайдан хабардар. Енді міне, оқу жылы басталар шақта қазақ мектебі бәрібір аралас болайын деп тұр», — деген ақпарат таратты.

Бұл жағдай туралы аудандық Білім бөлімі мамандарының айтар өз уәжі бар.

 

«Аталған 1200 орындық мектептің құрылысы Талғар қаласы бойынша мектептердегі 3 ауысымды жоюға бағытталған. Қазір құрылыс аяқталып, мектепті заңды мекеме ретінде тіркеу, оқушыларды қабылдау жүріп жатыр. Бүгінде жалпы саны 974 өтініш түскен. Оның ішінде: қазақ сыныптарына – 582, орыс сыныптарына – 392», — дейді бөлім басшысы Қарлыға Сәдуақасова.

Жауапты маманның мәліметінше, №25 мектеп салынғанға дейін қаладағы Ф. Халипов атындағы №1 орта мектеп үш ауысымда жұмыс істеген. Оқыту тілі — аралас. Ал шаһардағы С. Сейфуллин атындағы №2 жалпы білім беретін орта мектепке үш ауысымда оқыту қаупі тұр.

«Сондай-ақ қалада облыстық Ю. Гагарин атындағы дарынды балаларға арналған №8 арнаулы гимназия жұмыс істейді. Бұл — үш тілде білім беретін оқу орны. Аталған білім ордасы оқушыларды арнайы емтихан негізінде қабылдап, 5-11 сынып балаларын ғана оқытуы тиіс. Алайда, оқушы орны жетіспеушілігінен  бастауыш сынып оқушыларын да оқытып келеді. Ал жаңа мектеп осы мәселелерді шешуге көп үлес қосады», — деп атап өтті Қ. Сәдуақасова.

Оның айтуынша, Талғар қаласында 9 оқу ордасы бар. Оқыту тіліне қарай 4 мектеп таза қазақ тілінде (№2,7,9,49), 2 мектеп таза орыс тілінде (№3,4), 3 мектеп екі тілде білім береді (№1,5,6).

«Әу баста №9 мектепте күрделі жөндеу жүргізу жоспарына сәйкес, №25 мектепке ауысуға оқушылар бірауыздан келіссе, мектеп «қазақ мектебі болады» деген болжамдар болған. Дегенмен, мектептен 10 бала ғана ауысамыз деп өтініш берді. №25 мектептің таза қазақ мектебі болмауының бір себебі осы», — дейді бөлім басшысы.

Бұдан бөлек Қ. Сәдуақасова Талғар ауданында ұлты қазақ оқушылардың орысша білім алуынан орыс сыныптарының саны артып отырғанын айтты.

 

Тегтер: мектепТалғар

Соңғы жаңалықтар

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

Что делать, если поезд уехал, а пассажир опоздал на посадку

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв в Щучинске: стали известны личности погибших и пострадавших

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв и пожар в Щучинске – 26 пострадавших и 7 погибших

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz