Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Жамбыл ауылында жыр алыбының 180 жылдығына орай 180 түп ағаш отырғызылды

Алматы облысының Жамбыл ауылында Жамбыл Жабаевтың 180 жылдық мерейтойына орай экологиялық акция өтті. Ақынның мұражай-үйі маңына 180 түп жеміс ағашы отырғызылып, игі іске 40-қа жуық тұрғын атсалысты. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
04.04.2026
Аймақ, Алматы облысы, Арнайы жоба, Жаңалықтар

Ауыл әкімі Бақытжан Жайламысовтің айтуынша, шара «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған.

«Акцияға ақсақалдардан бастап, жастар мен түрлі мекеме қызметкерлері қатысты. Бұл — тұрғындардың ауызбіршілігінің, туған жерге деген жанашырлығының көрінісі. Алдағы уақытта жол жиегіне қайың ағаштарын отырғызу жоспарда бар. Жалпы, бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасады», – деді ауыл әкімі.

Айта кетейік, жыр алыбы Жамбыл Жабаев осы мұражай маңында жерленген. Сондай-ақ оның жанында белгілі күйші, композитор Нұрғиса Тілендиевтің де мәңгілік мекені орналасқан.

Мұражай қызметкерлерінің мәліметінше, бұл орынға еліміздің әр өңірінен және шетелден келетін қонақтар көп. Сондықтан табиғатты қорғауға бағытталған мұндай шаралардың маңызы зор.

Акцияға қатысқан тұрғындардың бірі Шолпан Ахмедиева бұл бастаманың тек ағаш отырғызумен шектелмейтінін атап өтті.

«Бұл – жай ғана экологиялық акция емес, жыр алыбының рухына көрсетілген құрмет. Осындай игі іске үлес қосқаныма қуаныштымын», – деді ол.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Аида Балаева проверила готовность туристических объектов Алматинской области к летнему сезону

Николай Иващенко
08.04.2026

Осужденная общественная деятельница Перизат Кайрат отбывает срок и работает в колонии

Николай Иващенко
08.04.2026

Генеративное искусство: в Астане пройдет фестиваль AI-фильмов

Николай Иващенко
08.04.2026

Пожар в акимате Актюбинской области: пострадавших нет

Николай Иващенко
08.04.2026

Токаев приветствует достижение соглашения о перемирии на Ближнем Востоке

Николай Иващенко
08.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz