Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Жыл басынан есірткі саудасына қатысты 17 студент ұсталды

Биылғы 7 айда елде 4,2 мың есірткі қылмысы тіркелген. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,9 пайызға азайған, деп хабарлайды Alataunews.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

22.08.2022
Жаңалықтар, Қоғам

Есірткіні заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау және тасымалдау қылмыстары көп тіркелген. Бұл бағытта 1,1 мың заңсыздық анықталған. Сонымен қатар биыл құрамында есірткі заттары бар және тыйым салынған өсімдіктерді өсіру фактілері жиілеген. Мұндай 193 жағдай тіркелген. Бұл өткен жылға қарағанда 7,8 пайызға көп.

Өңірлер арасында есірткі қылмысы бойынша елорда көш басында тұр. Мұнда 7 ай ішінде 444 факті анықталған. Одан кейін Алматы қаласы мен (382 қылмыс) және Жамбыл облысы (352 қылмыс) орналасқан.

Мәлім етілгендей, есірткі қылмысына баратын азаматтардың көбі – жұмыссыздар. Биыл мұндай санаттағы 2 мыңға жуық адам анықталған. Ал есірткі тұтынған, дайындаған немесе оны сатқандар арасында 206 адамның жұмысы бар болса, 17-сі оқу орындарында білім алады, 12-сі жеке кәсіпкер және төртеуі мемлекеттік қызметші болған.

Еске сала кетейік, бұған дейін Абай облысында аса ірі көлемдегі синтетикалық есірткімен үш студент ұсталған.

Тегтер: ЕсірткіҚазақстанстудент

Соңғы жаңалықтар

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
16.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
16.09.2026

Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ іс

Акжаркын
16.09.2026

Алматы облысының прокуратура қызметкеріне қатысты тексеру жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz