Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қонаевта жағажайлар жаңарып, қауіпсіздік күшейтіледі

Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Қанат Есболатов Қонаев қаласындағы инфрақұрылым нысандарының жағдайымен және даму барысымен танысты, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
01.04.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Сапар барысында ол алдымен «Көшпенділер қалашығына» барып, туристер санының артуына байланысты қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды. Атап айтқанда, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау, сондай-ақ тұрақты полиция және медициналық пункттер орналастыру қажеттігі айтылды.

Бұдан кейін әкімнің бірінші орынбасары солтүстік жағалауда болып, жедел-құтқару жасағының жұмысымен танысты. Мамандардың мәліметінше, бөлімшенің материалдық-техникалық базасы жаңартылған. Құтқарушылар заманауи дрондармен, су көліктерімен және сүңгуір жабдықтарымен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар қосымша гидроскутерлер сатып алу мәселесі қарастырылып жатыр.

Сапар аясында солтүстік жағалаудағы коммуналдық жағажайды жаңғырту жобасы да таныстырылды. Нәтижесінде жауапты мамандарға қысқа мерзімде құрылыс-монтаж жұмыстарына кірісу тапсырылды.

Сондай-ақ Қанат Есболатов №6 және №7 жағажайларда жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарымен танысты. Жоба аясында көше жарығын жаңарту, бейнебақылау жүйелерін орнату, қоқыс жәшіктері, балалар және спорт алаңдарын салу, санитарлық тораптар мен шағын бизнес нысандарын орналастыру көзделген.

Бұдан бөлек, демалушылар үшін көлеңкелі шатырлар орнатылып, инженерлік инфрақұрылым толық жаңғыртылады.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Демографиялық өсім: Алматы облысында халық саны көбейді

Қорлан Нұрланқызы
01.04.2026

Сәуірде ауа райы тұрақсыз болады — синоптиктер

Қорлан Нұрланқызы
01.04.2026

Қонаевта жағажайлар жаңарып, қауіпсіздік күшейтіледі

Қорлан Нұрланқызы
01.04.2026

Алматы облысында құтыру бойынша жағдай қандай: дәрігерлер мәлімдеме жасады

Қорлан Нұрланқызы
01.04.2026

1 сәуірден бастап Қазақстанда не өзгереді?

Қорлан Нұрланқызы
01.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz