Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Есік қаласында жаппай төбелес: полиция аспанға оқ атты

Алматы облысының Есік қаласында бір топ жас жиналып, жаппай төбелес шығарған. Жанжалды тоқтату үшін оқиға орнына келген полицейлер аспанға ескерту ретінде оқ атуға мәжбүр болды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
30.03.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде тарады. Кадрларда айқайлап, бірін-бірі қуып жүрген жастар тобы көрінеді. Кейбірінің оқиға орнына көлікпен келгені байқалады. Полиция аспанға оқ атқан сәтте, қатысушылардың бір бөлігі көліктеріне отырып, асығыс кетіп қалған.

https://www.instagram.com/reel/DWeDe29ii2v/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=NTc4MTIwNjQ2YQ==

Алматы облысы полиция департаменті бастығының тергеу жұмыстары жөніндегі орынбасары Рустам Абдрахманов бұл жағдай 2026 жылғы 28 наурызда Еңбекшіқазақ ауданы аумағында болғанын мәлімдеді.

Оқиғаға байланысты бұзақылық және полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсету фактілері бойынша екі қылмыстық іс тіркелді.

«Жеті адам күдікті ретінде танылды. Олардың барлығы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіптің бұзылуына жол бермеу үшін аспанға ескерту ретінде оқ атты. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр», – деді Абдрахманов.

Ведомство мәліметінше, тергеу амалдары Алматы облысы полиция департаментінің үйлестіруімен Еңбекшіқазақ аудандық полиция басқармасы қызметкерлері тарапынан жүргізіліп жатыр.

«Тергеу барысы ерекше бақылауға алынды», – деп атап өтті ол.

Тегтер: Алматы облысыполицей

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында тауда адасқан төрт жасөспірім жігіт құтқарылды

Қорлан Нұрланқызы
30.03.2026

Есік қаласында жаппай төбелес: полиция аспанға оқ атты

Қорлан Нұрланқызы
30.03.2026

Атыраудағы атышулы іс: күдікті өмір бойына сотталуы мүмкін

Қорлан Нұрланқызы
30.03.2026

Биыл 18–27 жас аралығындағы 43 мыңнан астам ер азамат әскерге шақырылады

Қорлан Нұрланқызы
30.03.2026

Шеңгелдідегі пияз өндірісі: жағдай бақылауда, фермерлерге жан-жақты қолдау көрсетілуде

Мөлдір Иманмади
29.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz