Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Шеңгелдідегі пияз өндірісі: жағдай бақылауда, фермерлерге жан-жақты қолдау көрсетілуде

Мөлдір Иманмади
29.03.2026
Жаңалықтар

Алматы облысы Қонаев қаласына қарасты Шеңгелді ауылдық округінде пияз өндірісі аграрлық сектордың маңызды бағыттарының бірі болып қала береді. Бүгінде округ аумағында бұл саламен 16 ауыл шаруашылығы субъектісі айналысып, 257 гектар жерге пияз егілген.

2025 жылдың қорытындысы бойынша 16 мың тонна өнім жиналып, орташа өнімділік гектарына 62,0 тоннаны құрады.

Нарықтағы жағдай және фермерлердің шешімі

Өнімді жинау кезеңінде пияз тікелей егіс алқаптарынан 45–70 теңге аралығында сатылған. Өзіндік құны шамамен 30 теңгені құрағаныне скерсек, бұл баға фермерлер үшін айтарлықтай жоғары маржа бермеген. Осыған байланысты шаруашылықтардың басым бөлігі нарықтағы бағаның көтерілуін күтіп, өнімнің негізгі бөлігін сақтау қоймаларына орналастыру туралы шешім қабылдаған.

Қазіргі уақытта, ішкі нарық пиязбен толық қамтамасыз етілген, соның салдарынан сұраныстың уақытша төмендеуі байқалады. Бұл – маусымдық әрі нарықтық заңдылықтарға сай қалыпты құбылыс.

Қойма инфрақұрылымы және нақты қор көлемі

Шеңгелді ауылдық округінде жалпы сыйымдылығы 27 400 тоннаны құрайтын 7 көкөніс сақтау қоймасы жұмыс істейді. Бастапқыда шамамен 7 мың тонна пияз сақтауға қойылған болса, қазіргі уақытта оның қалдығы 3 260 тонна аралығында.

Өңдеу және сұрыптау жұмыстарынан кейін сақталған өнімнің шамамен 70%-ы немесе 2 282 тоннасы сатуға жарамды. Қалған бөлігі техникалық талаптарға сәйкес келмегендіктен кәдеге жаратуға жіберіледі.

Бүгінде фермерлер сапалы өнімді 15–35 теңге аралығында ұсынуға дайын.

Өткізу арналары кеңейтілуде

Өнімді өткізу бағытында да нақты жұмыстар қолға алынған.

Атап айтқанда:

— ірі сауда желілерімен (Magnum, SMALL, «Тоймарт») 1 600 тонна өнімге алдын ала келісімшарттар жасалған;

— «Алтын Орда» базарында және апта сайынғы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінде фермерлерге тегін сауда орындары берілген;

— сыртқы нарықтарға шығу мақсатында Ресей, Моңғолия және Тәжікстан елдерінен сатып алушылар тарту жұмыстары жүргізілуде.

Қазіргі уақытта «Фирма Алтай» ЖШС арқылы ғана көтерме нарықта 1 200 тонна пияз сатылымға шығарылған.

Бағаны тұрақтандыру шаралары

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру аясында да жүйелі шаралар қабылдануда. «Қонаев» ӘКК» АҚ арқылы 630 тонна пияз 120 теңге бағамен сатып алынып, оны 2026 жылдың қаңтар–сәуір айларында нарыққа тұрақты бағамен (120 теңгеден аспайтын) шығару жоспарланған.

Қазіргі нарықтағы бағаның төмендеуіне байланысты аталған өнім уақытша 25–30 теңге аралығында сатылып жатыр. Қоймада шамамен 300 тонна өнім қоры сақталған.

Жалпы алғанда, Шеңгелді ауылдық округіндегі пияз нарығындағы жағдай толық бақылауда. Өнім жеткілікті, сақтау инфрақұрылымы қалыптасқан, ал өткізу арналары кезең-кезеңімен кеңейтіліп келеді.

Ең бастысы – жергілікті атқарушы органдар тарапынан фермерлерге жан-жақты қолдау көрсетіліп, нарықтық тәуекелдерді азайтуға бағытталған нақты шаралар жүзеге асырылуда. Бұл өз кезегінде агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты дамуына және шаруалардың еңбегін тиімді өткізуіне мүмкіндік береді.

 

Тегтер: Басты жаңалықтарпиязфермерлерШенгелді

Соңғы жаңалықтар

Шеңгелдідегі пияз өндірісі: жағдай бақылауда, фермерлерге жан-жақты қолдау көрсетілуде

Мөлдір Иманмади
29.03.2026

Экологиялық акция: Алматы облысындағы 55 ғимарат жарығын өшіреді

Қорлан Нұрланқызы
28.03.2026

Таза Қазақстан: Қонаевта 3000 ағаш егілді

Қорлан Нұрланқызы
28.03.2026

Алматы облысында Наурыз туралы даулы видео түсірген блогер ұсталды

Қорлан Нұрланқызы
28.03.2026

Қатерлі ісік статистикасы: 2025 жылы 13 886 адам қайтыс болды

Қорлан Нұрланқызы
28.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz