Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанда жүздеген ауылды су басу қаупі бар – ТЖМ

Қазақстанда жүздеген елді мекенді су басу қаупі сақталып отыр. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
27.03.2026
Жаңалықтар, Қоғам

ТЖМ Төтенше жағдайлардың алдын алу комитеті төрағасының орынбасары Әсет Жылқайдаровтың айтуынша, елде су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары алдын ала басталған. Қазіргі таңда жоспарланған іс-шаралардың 92 пайызы орындалған.

1 наурыздан бастап министрліктің жедел су тасқынына қарсы штабы тәулік бойы жұмыс істеп келеді. Жағдай үздіксіз бақылауда, барлық қызметтердің әрекеті нақты уақыт режимінде үйлестіріліп жатыр.

Өңірлерде ауқымды алдын алу шаралары жүргізілген. Атап айтқанда, бөгендер нығайтылып, өзен арналары тазартылып, тереңдетілген. Сонымен қатар дренаж жүйелері мен каналдар жөнделіп, су өткізу құрылыстары жаңартылған.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде:
– 234 елді мекен қорғалды;
– 736 елді мекен үшін су басу қаупі төмендетілді;
– 1 242 қауіпті елді мекеннің 272-сінде қауіп әлі де сақталуда.

Министрлік мәліметінше, оңтүстік өңірлерде су тасқынының белсенді кезеңі аяқталған. Қазіргі уақытта ең күрделі жағдай Батыс Қазақстан мен Ақтөбе облыстарында байқалады. Сондай-ақ Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қостанай және Абай облыстарындағы жағдай бақылауда.

Наурыз айының басынан бері Абай облысында жеке тұрғын үйлерді су басудың алты дерегі тіркелген. Бұл ауа температурасының күрт жылынуы мен жауын-шашынға байланысты болған. Қазіргі уақытта барлық салдары жойылған.

Автожолдарда 22 су тасу және бір жолды су шайып кету фактісі тіркелген. Қазіргі таңда олардың бесеуі бақылауда. Жағдай жерден де, әуеден де қадағаланып жатыр: 13 өңірде 29 әуе барлау жұмысы жүргізіліп, 196 елді мекен қамтылған.

Су тасқынының алдын алу мақсатында:
– 7 млн текше метрден астам қар шығарылды;
– 126 мың тонна жанар-жағармай қоры дайындалды;
– 374 мың тонна инертті материал әзірленді;
– 4,5 млн қап қоры жасақталды;
– 192 учаскеде 275 мың шаршы метрден астам аумақта мұз жару жұмыстары жүргізілді.

Жедел әрекет ету үшін 39 мыңнан астам адам, 12 мыңнан астам техника, 4 мыңнан астам су сору құралы және 700 жүзу құралы дайын тұр. Барлық қызмет жоғары дайындық режимінде жұмыс істеуде.

Айта кетейік, ТЖМ өкілдері бұқаралық ақпарат құралдарына су тасқынын болжауға арналған ақпараттық жүйелер көрсетілген Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару орталығының ахуалдық залын таныстырды.

Тегтер: Қазақстансу тасқыны

Соңғы жаңалықтар

Автора скандального высказывания о Наурызе задержали в Алматинской области

Николай Иващенко
27.03.2026

Законопроект о специальном правовом режиме города Алатау принял Парламент

Николай Иващенко
27.03.2026

В Шымкенте сегодня пройдет заседание Евразийского межправсовета в расширенном составе

Николай Иващенко
27.03.2026

Повысить пороги минимальной достаточности для снятия пенсионных накоплений предложили в Минтруда

Николай Иващенко
27.03.2026

Водитель Zeekr был пьян, а двух полицейских уволили: МВД РК рассказали детали по смертельному ДТП в Алматы

Николай Иващенко
27.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz