Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Сочиде екі ел басшысы кездесті

ҚР Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев пен РФ Президенті Сочиде кездесіп, келіссөз жүргізді. Келіссөз алаңында РФ Президенті екі ел арасындағы сауда-саттықтың дамып, инвестиция көлемінің ұлғайып келе жатқаны жайлы айтты, деп хабарлайды Alataunews.kz.

22.08.2022
Аймақ, Жаңалықтар

«Қазақстанның сауда-экономикалық серіктестері арасында Ресей бірінші орында тұр. Жоғары технологиялық салаларда, соның ішінде ғарыш саласында жұмыс істейміз. Біздің кездесуіміз, әрине, сенімді стратегиялық серіктестігімізді дамытуға қосымша серпін беретініне өте қуаныштымын», – деді Ресей басшысы.

Сондай-ақ Владимир Путиннің айтуынша, Сыртқы істер, Қорғаныс министрліктері бірлесіп түрлі іс-шараларды, соның ішінде Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы аясындағы бірлескен оқу-жаттығуларды және тағы басқаларын дайындап жатыр.

«Тауар айналымы өсіп келеді. Былтыр 34,4% өссе, биыл бес айда 9% пайызға дерлік өсті. Инвестициялар екі жақтан да артып келеді. Меніңше, Ресей инвестициясы 18 миллиард долларға жетті, ал Қазақстанның Ресейге салған инвестициясы төрт жарым миллиард шамасында», — деді В. Путин.

Айта кетейік, екі ел басшыларының кездесуі 2,5 сағатқа созылды. Және олар басқосудан кейін жылы лебізбен қоштасты.

Тегтер: Қасым-Жомарт Тоқаевмемлекет басшысыРесей

Соңғы жаңалықтар

Тазалық – туған жерге деген құрмет

Акжаркын
02.10.2026

Меншік құқығын қорғау – заңның басты қағидаларының бірі

Акжаркын
02.10.2026

Интернет алаяқтық – заманауи қауіп

Акжаркын
02.10.2026

Жолдағы тәртіп – қауіпсіздіктің кепілі

Акжаркын
02.10.2026

Алматы облысының Іле ауданында бірнеше ауылдың жолы жөнделіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
02.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz