Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында жаңа Конституцияны қолдауға арналған жұлдыздар матчы өтті

Қарасай ауданында спорт және эстрада жұлдыздарының қатысуымен ерекше футбол матчы өтті, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
10.03.2026
Аймақ, Алматы облысы, Арнайы жоба, Жаңалықтар, Қоғам

Жасыл алаңда ел намысын әлемдік жарыстарда қорғап жүрген чемпиондар мен дарынымен дараланған өнер иелері бәсекеге түсті. Бұған дейін болмаған ерекше кездесуді тамашалау үшін стадионға 3000-нан астам жанкүйер жиналды.

Шараның басты мақсаты – кімнің мықты екенін анықтау емес, көрерменге көтеріңкі көңіл-күй, жарқын эмоция сыйлау болды. Іс-шара «Біз жаңа Конституцияны қолдаймыз» ұранымен «Әділетті әрі прогрессивті Қазақстанның Халық Конституциясы үшін» өңірлік жалпыұлттық коалицияның қолдауымен ұйымдастырылды.

«Командалық ойында да, жалпы өмірде де жеңіске тек ерік-жігер мен бірлік жетелейді. Бұл матч – тек спорттық сайыс емес, жаңа Конституция бойынша өтетін референдумды қолдауға бағытталған игі шара», – өңірлік коалиция басшысы Қуат Байғожаев.

Футбол алаңында екі команда бақ сынасты. «Қонаев» командасында балуандар — Париж Олимпиадасының жүлдегері Демеу Жадыраев, Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбақыт Теңізбаев, Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері Ақжүрек Таңатаров, әлем чемпионатының жүлдегерлері – Нұржан Жұмажан, Ербол Қоңыратов, Қорлан Жақанша, айтыскер ақын Сырым Әуесхан, «Qonaev media» теларнасының жүргізушісі Қосқанат Көпжасар және өзге де танымал азаматтар өнер көрсетті.

Ал оларға қарсы «Алатау» командасы алаңға шықты. Оның сапында эстрада әншісі Жұбаныш Жексен, «SuperStar KZ» жобасының жеңімпазы Нұржан Керменбаев, танымал киноактер Тәуекел Мүсілім, белгілі блогер Азат Жұмаділ және басқа да өнер иелері болды.

Ойын тартысты әрі қызықты өтті. Қатысушылардың жақсы дайындықпен келгені байқалды. Әрбір шабуыл мен әдемі гол жанкүйерлердің қызу қолдауына ие болды.

«Футболды бала кезімнен жақсы көремін. Қазір де бұл спорт түрімен тұрақты айналысамын. Спорт адамды сергек ұстап, физикалық формасын сақтауға көмектеседі. Мұндай іс-шаралар салауатты өмір салтын ұстанудың және белсенді азаматтық ұстанымның қоғам өміріндегі маңыздылығын тағы бір мәрте айқындайды», – деді актер Тәуекел Мүсілім.

Жарыс нәтижесінде 2:1 есебімен «Қонаев» командасы жеңіске жетті. Ойын соңында көрермендерге концерттік бағдарлама ұсынылып, стадион мерекелік көңіл күйге бөленді.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

ОСМС в действии: как жителю Конаева помогла современная хирургия

Николай Иващенко
10.03.2026

Нового руководителя получило управление внутренней политики Алматинской области

Николай Иващенко
10.03.2026

МВД РК утвердило правила присвоения госномеров электросамокатам

Николай Иващенко
10.03.2026

В Алматинской области назначен заместитель руководителя аппарата акима региона

Николай Иващенко
10.03.2026

Глава МЧС Чингис Аринов открыл первый в Алматы и Алматинской области пожарно-спасательный комплекс нового формата

Николай Иващенко
10.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz