Жекпе жек бірден қарсыластардың мықты қарқынымен басталды. Бірде Дияр соққы алып жатса, бірде ресейлік спортшы соққы астында қалып жатты. Жерлесіміз ресейлік спортшыны торға тақап алып, жібермей қойған сәттері де болды.
Соңғы бесінші раундта шаршаған ресейлік спортшы белсенді күресе бастап еді, бәрібір қазақстандық спортшыдан оңдырмай таяқ жеді. Кездесу барысында Константин Диярды мойынынан да қылқындырды, жалпы белбеуді алу үшін бар ынтасымен күресті, берілмеуге тырысты. Дегенмен, жерлесіміз өз мықтылығын дәлелдеп, Eagle FC белбеуін қанжығасына байлап кетті. Промоушнның басшысы Хабиб Нурмагомедов Диярға белбеуді өзі тағып берді.






