Желіде тараған видеода Өтеген батыр шағынауданындағы дүкендердің біріндегі ерекше көрініс жарияланды. Кадрлардан сауда залдарындағы барлық экрандарда дауыс беру күні жазылған тақырыптық бейнероликтер мен арнайы заставкалар тұрғанын көруге болады.
Сондай-ақ видео авторының айтуынша, зал ішінде әр азаматтың дауыс беруге қатысуының маңызын еске салатын ескертулер де қосылған.
Желі қолданушылары бұл бастамаға жақсы пікір жазып жатыр. «Креативті директор», «Жақсы идея, ақпарат тез жетеді», «Өте ерекше әрі керемет», «Еліміз үшін тарихи күн!» деген пікірлер жазылған. Кейбірі мұндай тәсілдің ақпаратты кең аудиторияға жедел жеткізуге мүмкіндік беретінін атап өткен.
Белгілі болғандай, осындай формат Алматы облысының тоғыз ауданында және облыстық маңызы бар екі қаласында орналасқан электроника дүкендерінде қолданылып жатыр.
Жарияланған видеолар әлеуметтік желілерде мыңдаған қаралым жинап, кеңінен таралып жатыр.





