Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Щучинскіде кафеде жарылыс болды: 7 адам қаза тапты

Щучинск қаласында 5 қабатты тұрғын үйге жапсарлас орналасқан бірқабатты кафеде газ-ауа қоспасының жарылысы болып, арты өртке ұласқан, деп хабарлайды alataunews.kz Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026
Жаңалықтар, Қоғам

Ведомство мәліметінше, оқиға туралы хабарлама түскеннен кейін 5 минут ішінде құтқару күштері оқиға орнына жеткен. Өрт сөндірушілер жанып жатқан ғимараттан 8 газ баллонын сыртқа шығарып, 10-нан астам адамды құтқарған.

Алдын ала дерек бойынша, оқиға салдарынан 20-ға жуық адам зардап шеккен. 7 адам қаза тапқаны белгілі болды.

Оқиға орнында облыстық ТЖД басшылығы, облыс әкімінің орынбасары, өрт сөндіру бөлімшелері, құтқару жасақтары, медициналық қызмет, полиция және газ-техникалық инспекция жұмыс істеп жатыр. Санитарлық авиация мен ТЖМ реанимобильдері дайындыққа келтірілген.

Ақмола облысы Полиция департаментінің мәліметінше, бұл дерек Бурабай аудандық полиция бөлімінде тіркелген. Қазіргі уақытта оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізілуде. Зардап шеккендерге қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

ТЖД мәліметінше, өрт толық сөндірілген. Құтқарушылар үйінділерді аршу жұмыстарын жалғастыруда. Оқиғаның нақты себептері анықталуда.

Ақмола облысы ТЖД жанынан жедел желі ашылды: 8 (7162) 514-298.

Тегтер: Қазақстанөрт

Соңғы жаңалықтар

Тазалық – туған жерге деген құрмет

Акжаркын
18.09.2026

Меншік құқығын қорғау – заңның басты қағидаларының бірі

Акжаркын
18.09.2026

Интернет алаяқтық – заманауи қауіп

Акжаркын
18.09.2026

Жолдағы тәртіп – қауіпсіздіктің кепілі

Акжаркын
18.09.2026

Қонаевтағы 58 жыл жөндеу көрмеген гимназия жаңартылады

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz