Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қарағандыда ұсталған қылмыстық топтан киіктің 700-ден астам мүйізі тәркіленді

Қарағанды облыстық ПД қызметкерлері Ұлытау облысы Жаңарқа ауданына қарасты Қызылжар елді мекенінде соңғы бірнеше жыл ішінде аталған облыс аумағында Қызыл кітапқа енген киіктерді заңсыз атумен айналысқан қылмыстық топтың мүшелерін ұстады, деп хабарлайды Alataunews.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

22.08.2022
Жаңалықтар, Қоғам

Қылмыстық топ мүшелері мерзімді түрде киіктерді атып, мүйіздерін Қытайға жөнелту мақсатында оңтүстік өңірге сатып отырған. Олар қылмыстық жолмен алынған киік мүйізінің бір келісін 80-100 мың теңге аралығында сатқан.

«Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері алты тінту жұмыстарын жүргізіп, қылмыстық топтың үш мүшесі (34 пен 46 жас аралығында) ұсталып, үшеуіне іздеу жарияланды. 150 келі, яғни 732 дана киік мүйізі тәркіленді. Сондай-ақ, күдіктілерден таразы, пышақ суық қаруы, тіркелмеген қару және авто-мототехника тәркіленіп алынды», — деп хабарлады Қарағанды облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 339-1-бабына (Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлардың, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Аталған баптың санкциясы мүлкін тәркілей отырып, 3 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді. Тергеу әрекеттерімен Қарағанды облыстық полиция департаменті тергеу басқармасының тергеушілері айналысып жатыр.

Биыл ақпан айында Қарағанды облысы полиция департаментінің қызметкерлері аталған ауданнан 844 киік мүйізін тәркілеген болатын.

Тегтер: киікҚарағандықылмыстық топмүйіз

Соңғы жаңалықтар

Еңбекшіқазақ ауданында адасып кеткен балықшы аман-есен табылды

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында алма бақтарын зиянкестерден қорғаудың жаңа технологиясы енгізілуде

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында өртенген кәуапханадан 5 газ баллоны шығарылды

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысындағы түзеу мекемесінде қылмыстық топ құрған 10 адамға үкім шықты

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Қазақстанда білім гранттарына құжат қабылдау мерзімі белгілі болды

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz