Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

19 ақпаннан бастап күшіне енді: қызылша анықталса, екпе алмаған балалар мектепке бармайды

Қазақстанның Бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенованың жаңа қаулысына сәйкес, елімізде қызылша дерегі тіркелген жағдайда екпе алмаған балалар балабақша мен мектепке уақытша бара алмайды. Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026
Жаңалықтар

Құжатта көрсетілгендей, қабылданған шаралар қызылшаның таралуын тоқтату мақсатында енгізіліп отыр. Қаулыда карантиндік талаптар, медициналық мекемелердегі қауіпсіздік шаралары және білім беру ұйымдарына қатысты бірқатар шектеулер қарастырылған.

«Қазақстанда қызылша жағдайларын тіркеу кезінде екпе алмаған балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға және мектептерге баруын уақытша шеттету», — деп көрсетілген құжатта.

Мамандардың айтуынша, бұл талап аурудың кең таралуына жол бермеу және балалар арасындағы инфекция қаупін азайту үшін енгізілген. Сонымен қатар, қаулыда екпе алмаған балаларды ауруханаға жатқызу тәртібіне қатысты да қосымша ережелер қарастырылған.

Айта кетейік, жаңа қаулы 19 ақпанда жарияланып, сол күннен бастап күшіне енді. Денсаулық сақтау саласының өкілдері ата-аналарды балалардың вакцинация мәртебесін тексеріп, санитариялық талаптарды сақтауға шақырып отыр.

Тегтер: қазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz