Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Жаңа Конституция жобасына арналған жалпыұлттық коалицияның ресми сайты іске қосылды

«Әділ әрі прогрессивті Қазақстан үшін Халықтық Конституция» жалпыұлттық коалициясы алдағы референдум мен Жаңа Конституция жобасына арналған ресми сайтты іске қосты. Платформа азаматтарға ұсынылып отырған өзгерістерді түсінуге көмектесетін қолжетімді ақпараттық ресурс ретінде әзірленген, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
16.02.2026
Аймақ, Алматы облысы

Сайтта негізгі заң жобасының толық мәтіні, сарапшылардың пікірлері, өзекті материалдар және коалицияның өңірлердегі жұмысы туралы жаңалықтар жарияланады. Пайдаланушыларға мазмұнды тез түсініп, дауыс беру үдерісіне қатысты практикалық сұрақтарға жауап табуға ыңғайлы болуы үшін ресурс құрылымы жеңіл әрі түсінікті форматта жасалған.

Әзірлеушілер ақпаратты қабылдауды жеңілдетуге ерекше назар аударған. Платформада мүгедектігі бар азаматтарға арналған бейімделген нұсқа, сондай-ақ бет параметрлерін жеке баптау мүмкіндігі қарастырылған.

Сонымен қатар, сайтта тақырыптық жарияланымдар, бейнежазбалар және интерактивті форматтар ұсынылады. Бұл материалдар Конституция жобасының мазмұнын және оның қоғам өміріндегі рөлін кеңірек түсіндіруге бағытталған.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жаңа ресурс реформалардың мәнін тереңірек білгісі келетін және саналы шешім қабылдағысы келетін азаматтар үшін тексерілген ақпарат алаңы болмақ.

Айта кетейік, коалиция құрамына жетекші саяси партиялардың өкілдері мен жүздеген қоғамдық ұйымдар енген. Қазіргі таңда елдің барлық өңірінде Жаңа Конституция жобасының ережелерін түсіндіруге бағытталған кездесулер мен қоғамдық диалогтар өткізіліп жатыр.

Тегтер: Алматы облысықазақстанҚасым-Жомарт Тоқаев

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz