Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға 200 миллион теңге бөлінді

Алматы облысында әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдау мақсатында 200 миллион теңге көлемінде грант қарастырылды. Бұл туралы облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
14.02.2026
Аймақ, Алматы облысы

Аталған қаржы әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асырып жүрген кәсіпкерлерге бағытталған. Атап айтқанда, әлеуметтік осал топтарды жұмыспен қамтып отырған, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған қызметтер мен арнайы тауарлар өндіретін және қоғамға пайдалы өзге де бастамаларды іске асыратын кәсіпкерлер грантқа қатыса алады.

Бағдарлама аясында бір жобаға берілетін ең жоғары қаржы көлемі – 5 миллион теңге. Грантқа үміткерлер міндетті түрде әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің арнайы тізіміне тіркелуі тиіс. Өтінімдер KEZEKTE.KZ ақпараттық жүйесі арқылы қабылданады.

Басқарма мәліметінше, өткен жылы өңірде 28 жобаға 140 миллион теңге бөлінген. Мамандар мұндай қолдау жаңа бизнес бастамалардың жүзеге асуына және жастардың кәсіпкерлікке қызығушылығын арттыруға ықпал ететінін атап өтті.

Облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының бөлім басшысы Райымбек Иембердінің айтуынша, құжат қабылдау мерзімі 1–15 наурыз аралығында өтеді.

«Осы уақыт аралығында әлеуметтік кәсіпкерлік реестріне тіркелу үшін құжаттар қабылданады. Кәсіпкерлерді Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасына келіп, құжаттарын қолма-қол тапсыруға шақырамыз. Реестрге тіркелу арқылы грант иегері атануға үлкен мүмкіндік бар», – деді ол.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Еңбекшіқазақ ауданында адасып кеткен балықшы аман-есен табылды

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында алма бақтарын зиянкестерден қорғаудың жаңа технологиясы енгізілуде

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында өртенген кәуапханадан 5 газ баллоны шығарылды

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысындағы түзеу мекемесінде қылмыстық топ құрған 10 адамға үкім шықты

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Қазақстанда білім гранттарына құжат қабылдау мерзімі белгілі болды

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz