Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Балқаш ауданында әлеуметтік осал топтағы азаматтарға мемлекеттік гранттар берілді

Балқаш ауданында 2025 жылы жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған 400 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі қайтарымсыз мемлекеттік гранттарды беру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы аудан әкімдігі мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
13.02.2026
Аймақ, Алматы облысы

Бағдарлама әлеуметтік осал топтарға жататын азаматтарды қолдауға бағытталған. Атап айтқанда, атаулы әлеуметтік көмек алушылар, көпбалалы отбасылар, асыраушысынан айырылғандар, мүгедектігі бар азаматтар, қандастар және өзге де әлеуметтік санаттағы тұрғындар кәсіпкерлік бастамаларын жүзеге асыруға мүмкіндік алған.

Ресми мәліметке сәйкес, бағдарлама аясында 23 өтінім қабылданып, конкурстық комиссияның шешімімен 19 азаматқа грант беру туралы оң шешім шыққан. Қазіргі уақытта грант иегерлері өз жобаларын іске асырып, кәсіпкерлік қызметпен айналысып жатыр. Грант қаражаты жаңа жұмыс орындарын ашуға, табыс көзін қалыптастыруға және азаматтардың экономикалық белсенділігін арттыруға бағытталған.

Балқаш аудандық Мансап орталығы грант қаражатының мақсатты әрі тиімді игерілуіне тұрақты мониторинг жүргізіп, жобалардың орындалу барысын бақылауда ұстап отыр. Сондай-ақ қатысушыларға әдістемелік және консультациялық қолдау көрсетілуде.

Сонымен қатар, 2026 жылы аудан бойынша 75 азаматқа қайтарымсыз мемлекеттік грант беру жоспарланған. Қазіргі таңда тұрғындарға грант алу шарттары, талаптары және құжаттарды тапсыру тәртібі бойынша кең көлемді түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Мамандардың айтуынша, мұндай шаралар аудан тұрғындарының кәсіпкерлік белсенділігін арттырып, жұмыспен қамту деңгейін көтеруге ықпал етеді.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Еңбекшіқазақ ауданында адасып кеткен балықшы аман-есен табылды

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында алма бақтарын зиянкестерден қорғаудың жаңа технологиясы енгізілуде

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында өртенген кәуапханадан 5 газ баллоны шығарылды

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысындағы түзеу мекемесінде қылмыстық топ құрған 10 адамға үкім шықты

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Қазақстанда білім гранттарына құжат қабылдау мерзімі белгілі болды

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz