Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қонаевта газ-ауа қоспасының жарылуы жиіледі: комиссия мүшелері үйлерді аралайды

Қонаев қаласында соңғы бір айда газ-ауа қоспасының жарылуына қатысты төрт дерек тіркелді. Бұл туралы қала әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
12.02.2026
Аймақ, Алматы облысы

Ресми ақпаратқа сәйкес, оқиғалардың үшеуі жеке тұрғын үйде, біреуі көпқабатты үйде болған. Осыған байланысты 12 ақпаннан бастап арнайы комиссия мүшелері тұрғын үйлерді аралауды бастайды.

Комиссия №1, 2, 3, 4, 5 және «Ивушка», «Спутник» шағынаудандарындағы пәтерлердің газға қосылу жағдайын тексереді. Егер газ желісі тартылған көпқабатты үйлерде кейбір пәтерлердің көгілдір отынға қосылмағаны анықталса, тұрғындарға кемшіліктерді жою үшін уақыт беріледі. Белгіленген мерзімде талап орындалмаса, азаматтар Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 306-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Әкімдік өкілдерінің айтуынша, бұл шаралар газ қауіпсіздігін күшейтіп, төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған. Мәселен, 28 қаңтар күні 1-шағынаудандағы №3 үйдің 4-қабатындағы пәтерде газ-ауа қоспасы жарылып, екі адам зардап шеккен. Осы оқиғаға байланысты Қонаев қалалық полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 306-бабының 2-бөлігі бойынша іс қозғап, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр.

Заңнамаға сәйкес, қауіпсіздік талаптарын бұзған жеке немесе заңды тұлғаларға 5000 АЕК-ке дейін айыппұл салу, белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру, қоғамдық жұмыстарға тарту немесе бес жылға дейін бас бостандығын шектеу не айыру жазасы қарастырылған.

Әкімдік мәліметінше, көпқабатты үйдегі жарылыс бірнеше пәтердің газ жүйесіне қосылмауына байланысты орын алған. Комиссия жұмысының негізгі мақсаты — осындай жағдайлардың алдын алу.

Ал жеке тұрғын үйлерге қатысты тексеріс жүргізу әкімдіктің құзыретіне кірмейді. ҚР «Газ және газбен жабдықтау туралы» заңына сәйкес, бір қабатты үйлерде сұйытылған мұнай газын пайдалануға тыйым салынбаған.

Мамандар тұрғындарды өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырады. Газ құрылғыларын уақытылы тексеріп, баллондарды дер кезінде ауыстыру, сондай-ақ автогазды тұрмыстық мақсатта пайдаланбау қажеттігі ескертілді.

Тегтер: Алматы облысықазақстанҚонаев қаласы

Соңғы жаңалықтар

Наурыздағы ҰБТ қорытындысы шықты: ең жоғары балл — 140

Қорлан Нұрланқызы
09.04.2026

Алматы облысында бір жылда 44 жаңа медициналық нысан ашылды

Қорлан Нұрланқызы
09.04.2026

Қонаевта қамыс өртеніп жатыр: оқиға орнына құтқарушылар жетті

Қорлан Нұрланқызы
09.04.2026

Қазақстанда 2026 жылы әскери парад өтпейді

Қорлан Нұрланқызы
09.04.2026

Алматы облысында «Тайқазан – 2026» кәсіби шеберлік фестивалі басталды

Қорлан Нұрланқызы
09.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz