Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Іле ауданында тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға пәтерлер берілді

Алматы облысының Іле ауданында тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар жаңа пәтерлерге қол жеткізді. Баспаналар Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында Отбасы банк арқылы жеңілдетілген ипотекалық несиеге берілді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
08.02.2026
Аймақ, Алматы облысы

Жобаның негізгі мақсаты — тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру, азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту және әлеуметтік қолдауды қажет ететін топтарға көмек көрсету.

Пәтер иелерінің қатарында тек Іле ауданының тұрғындары ғана емес, сондай-ақ Талғар, Еңбекшіқазақ, Кеген, Жамбыл, Ұйғыр, Қарасай аудандары мен Қонаев және Алатау қалаларының тұрғындары да бар. Бағдарламада әлеуметтік жағынан осал азаматтарға, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жандарға, мемлекеттік және бюджеттік ұйым қызметкерлеріне, көпбалалы отбасыларға басымдық берілген.

Іле ауданының әкімі Қайыржан Жақсымбетовтің айтуынша, тұрғындарды баспанамен қамту — мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі.

«Іле ауданы бойынша тұрғын үй кезегінде 5 443 адам тіркелген. Оның ішінде көпбалалы отбасылар — 1 878, әлеуметтік жағынан осал топтағы азаматтар — 1 993, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар — 807, бюджеттік ұйым қызметкерлері — 765 адам. 2025 жылы әлеуметтік осал топтағы азаматтарды баспанамен қамту үшін 269 үй мен пәтер сатып алынды. Ал биыл Өтеген батыр ауылында 72 пәтерді осы тұжырымдама аясында беру және әлеуметтік осал топтағы азаматтарға қосымша 36 пәтер сатып алу жоспарланып отыр», — деді аудан әкімі.

Жаңа пәтерге қол жеткізген тұрғындардың бірі Сәрсенгүл Назарбаева көпбалалы ана ретінде үй кезегінде тұрғанын айтады.

«15 жыл бойы сабырмен күтіп, өз баспанама қол жеткіздім. “Отбасы банк” арқылы 5 пайызбен 14 жылға несие алдық. Ай сайын 130 мың теңге, кейін 123 мың теңге төлейтін боламыз. Төрт қызым мен бір ұлым бар, сондықтан үш бөлмелі пәтер бұйырды. Пәтердің сапасы көңілімізден шықты. Қолдау көрсеткен әкімдікке алғысым шексіз», — деді ол.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында дрондар 376 жол ережесін бұзуды анықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматы облысында 25 отбасы баспаналы болды

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматы облысында ерекше балаларға арналған тұсаукесер өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматыда ЖИ дәуіріндегі ғылымның дамуына арналған халықаралық конференция өтті

Мөлдір Иманмади
17.04.2026

Алматы облысында бес көлік соқтығысты

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz