Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Іле ауданында 1000-нан астам үй орталықтандырылған ауызсу жүйесіне қосылды

Алматы облысының Іле ауданында 1000-нан астам тұрғын үй орталықтандырылған ауызсу жүйесіне қосылды. Жоба Іле ауданына қарасты Мұхаметжан Түймебаев ауылында жүзеге асырылды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
07.02.2026
Аймақ, Алматы облысы

Жобаның жалпы құны 1,4 миллиард теңгені құрайды. Оның аясында 21,5 шақырым су құбыры тартылып, екі резервуар, сондай-ақ тереңдігі 220 метрге жететін екі артезиандық ұңғыма және зертхана салынды.

Ауызсу беру 2025 жылдың тамыз айында басталып, құрылыс-монтаждау жұмыстары қараша айында толық аяқталған. Мамандардың айтуынша, жүйе болашақта тұрғындар саны 30 пайызға дейін артқан жағдайда да елді мекенді сумен толық қамтамасыз етуге қауқарлы.

Айта кетейік, бұған дейін әрбір үйде тереңдігі шамамен 35 метр болатын жеке ұңғымалар болған. Алайда ол судың ішуге жарамсыздығына байланысты тұрғындар ауызсуды сырттан тасып пайдалануға мәжбүр болған.

Іле аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Ғазиз Алтайұлының айтуынша, 2025 жылы аудан аумағында ауызсу жүйесінің 55,2 шақырымы жаңадан салынып, тағы 10 шақырымы жаңғыртылған.

Сонымен қатар Ащыбұлақ ауылдық округіне қарасты Көкқайнар ауылында да ауызсу жүйесін салу бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған. Жобаға сәйкес 22 шақырым су құбыры жүргізіліп, 1100-ден астам үй орталықтандырылған ауызсумен қамтылады.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Alatau City-де KAIST филиалын ашу жобасының техникалық-экономикалық негіздемесі таныстырылды

Қорлан Нұрланқызы
01.08.2026

Алматы облысында инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
01.08.2026

Қонаевта дәрігерлер асқазан қатерлі ісігінің асқынған түріне күрделі ота жасады

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026

Қазақстандық оқушылардың 2026–2027 оқу жылындағы каникул кестесі бекітілді

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026

Іле ауданында егін жинау науқаны қарқын алды: алғашқы өнім жиналып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz