Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында көктемгі тасқынға дайындық күшейтілді

Алматы облысында көктемгі су тасқыны кезеңінің қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету мақсатында алдын алу шаралары жүргізіліп жатыр. Өңірде арықтар, каналдар мен өзен арналары тазартылып, су өткізу нысандары ретке келтірілді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
04.02.2026
Аймақ, Алматы облысы
Мамандардың мәліметінше, қабылданып жатқан шаралардың негізгі мақсаты – халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, инфрақұрылым мен тіршілікті қамтамасыз ету объектілерін қорғау, сондай-ақ қардың жаппай еруі кезінде төтенше жағдайлардың алдын алу.

Алматы облысында тасқынға қарсы іс-шаралар аясында 25,6 шақырым арық, 3 шақырым канал және 4,2 шақырым өзен арналары тазартылған. Сонымен қатар, атасжол мен теміржол жолдардың астында орналасқан 16 су өткізу құбыры тиісті техникалық жағдайға келтірілді. Бұл еріген қар және тасқын суларын кедергісіз өткізуге мүмкіндік береді.

Подготовка к весеннему паводку в Алматинской области: очищены арыки и русла рек, фото-1

Қарды уақытылы шығару үшін облыстың барлық аудандарында, сондай-ақ Қонаев және Алатау қалаларында арнайы қар полигондары белгіленген. Жұмыстар мердігер ұйымдардың қатысуымен жүргізіліп, ауа райының өзгерістеріне жедел әрекет етуге жағдай жасалып отыр.

Подготовка к весеннему паводку в Алматинской области: очищены арыки и русла рек, фото-2

Өңірдегі гидрологиялық жағдайды тұрақты бақылау мақсатында 42 гидропост жұмыс істейді. Олардың қатарында «Қазгидромет» РМК және «Қазселденқорғау» АҚ бекеттері бар.

Қазіргі уақытта өзендерде мұз кептелістері тіркелмеген, гидрологиялық жағдай қалыпты деңгейде сақталып отыр. Жүргізіліп жатқан жұмыстар су басу қаупін барынша азайтып, көктемгі тасқын кезеңінде тұрғындар үшін қауіпсіз әрі тұрақты жағдайды қамтамасыз етуге бағытталған.

Тегтер: Алматы облысыҚонаев қаласы

Соңғы жаңалықтар

Еңбекшіқазақ ауданында адасып кеткен балықшы аман-есен табылды

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында алма бақтарын зиянкестерден қорғаудың жаңа технологиясы енгізілуде

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында өртенген кәуапханадан 5 газ баллоны шығарылды

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысындағы түзеу мекемесінде қылмыстық топ құрған 10 адамға үкім шықты

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Қазақстанда білім гранттарына құжат қабылдау мерзімі белгілі болды

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz