Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қонаевта жазғы туристік маусымға дайындық басталды

Қонаев қаласы мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті. Жиында Шеңгелді ауылдық округінің әкімі Мақсат Жазиевтің есебі тыңдалып, қаладағы бірқатар өзекті мәселелер көтерілді. Сондай-ақ Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіханов депутаттардың сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
22.01.2026
Аймақ, Алматы облысы

Отырыста мәслихат депутаты Алмагүл Қамбарова жағажайларды абаттандыру және Шеңгелді аумағындағы сорғы станцияларында тұрғындардың шомылу мәселесін көтерді.

Қала әкімінің айтуынша, сорғы станциялары шомылуға арналмаған және ол аумақтарда қауіпсіздікке кепілдік берілмейді.

«Сорғы станцияларында шомылуға болмайды. Ол үшін арнайы белгіленген орындар бар. Бұл аумақтар жеке меншікке тиесілі, сондықтан біз ол жерлерді жағажай ретінде қарастыра алмаймыз», – деді Асхат Бердіханов.

Сондай-ақ шаһар басшысы жағажай инфрақұрылымы мен қауіпсіздігіне қатысты Мемлекет басшысының сынын еске салды. Оның сөзінше, бұл бағытта нақты жұмыстар қолға алынған.

«Өздеріңізге мәлім, былтыр Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алакөл мен Қапшағай су қоймасының жағалауларындағы жағдайды сынға алған болатын. Қазір сол кемшіліктерді жою мақсатында жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұған дейін хабарлағанымыздай, жағажайларды абаттандыру жоспарланған. Оның ішінде “Алматы демалыс аймағы” да бар», – деді қала әкімі.

Әкімнің мәліметінше, аталған демалыс аймағына шомылу маусымында 320 мыңға жуық адам келген. Мұнда 34 демалыс орны және ұзындығы 1 шақырымнан асатын коммуналдық жағажай орналасқан. Коммуналдық жағажайды жалға алып, жыл сайын 37 кәсіпкер қызмет көрсетеді. Биыл осы аумақты толық абаттандыру көзделіп отыр.

Сонымен қатар Қонаевта қауіпсіз туристік маусым қалыптастыруға да басымдық берілмек.

«Қауіпсіздік мәселесіне келсек, биыл құтқарушыларды наурыз айынан бастап оқытуды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар кәсіпкерлермен тұрақты түрде кездесіп, түсіндіру жұмыстары жүргізіледі», – деді Асхат Бердіханов.

Айта кетейік, бұған дейін Қонаевтағы №6 және №7 жағажайларды абаттандыру жоспарланғаны хабарланған болатын. Жалпы қала аумағында 10 коммуналдық жағажай бар.

Тегтер: Алматы облысықазақстанҚонаев қаласы

Соңғы жаңалықтар

Еңбекшіқазақ ауданында адасып кеткен балықшы аман-есен табылды

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында алма бақтарын зиянкестерден қорғаудың жаңа технологиясы енгізілуде

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында өртенген кәуапханадан 5 газ баллоны шығарылды

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысындағы түзеу мекемесінде қылмыстық топ құрған 10 адамға үкім шықты

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Қазақстанда білім гранттарына құжат қабылдау мерзімі белгілі болды

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz