Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Мақала

Қапшағайдан Қонаевқа дейін: қала тарихындағы Дінмұхаммед Қонаевтың рөлі

Мөлдір Иманмади
09.01.2026
Мақала
Фото: time.kz

Фото: time.kz

Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев – ХХ ғасырдағы Қазақстан тарихында айрықша із қалдырған мемлекет және қоғам қайраткері, ұлтының дара тұлғасы. Оның есімі елдің индустриялық, әлеуметтік және аумақтық дамуымен тікелей байланысты. Сол себепті Қапшағай қаласының Қонаев деп қайта аталуы – жай ғана атау ауыстыру емес, тарихи әділеттіліктің салтанат құруы.

Қонаев республика тізгінін ұстаған жылдары Қазақстанда ауқымды урбанистік серпіліс жүрді. Ресми деректерге сүйенсек, оның басшылығымен ел аумағында 43 қала бой көтерсе, соның жетеуі қазіргі Алматы облысында орналасқан. Олар – Есік, Қаскелең, Сарқан, Талғар, Үшарал, Үштөбе және Қапшағай. Бұл қалалардың әрқайсысы өңірлік экономиканың тірек нүктесіне айналды.

Фото: sknews.kz

Қапшағай қаласының тарихы Қонаевтың есімімен тығыз байланысты. Қаланы қалыптастырудағы басты фактор – Қапшағай су электр станциясы мен су қоймасының салынуы. Бұл нысандар тек энергетикалық жоба ғана емес, тұтас өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін берген стратегиялық шешім болды. Жаңа жұмыс орындары ашылып, инфрақұрылым дамып, қала іргесі қаланды. Осы тұрғыдан алғанда, Қапшағайды Қонаевтың тікелей еңбегінің жемісі деуге толық негіз бар.

Фото: sknews.kz

2022 жылғы 16 наурызда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында Алматы облысын екіге бөліп, Жетісу және Алматы облыстарын құру жөнінде шешім қабылдағанын жариялады. Жетісу облысының орталығы ретінде Талдықорған белгіленсе, Алматы облысының әкімшілік орталығы Қапшағай қаласы болды. Сол кезде Мемлекет басшысы Қапшағай қаласын Дінмұхаммед Қонаевтың құрметіне қайта атауды ұсынды.

Фото: time.kz

Бұл бастама 25 наурызда қалалық мәслихат тарапынан қолдау тапты. Артынша «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 9-бабына сәйкес, Қапшағай қаласын Қонаев деп қайта атау туралы Президенттің Жарлығы шықты. Құжатта жаңа атаудың ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енетіні нақты көрсетілді.

Фото: azattyq-ruhy.kz

Бүгінде Қонаев қаласы – Алматы облысының әкімшілік орталығы. Бұл мәртебе қаланың дамуына жаңа серпін беріп, инфрақұрылымдық және әлеуметтік мәселелерді жүйелі шешуге жол ашуы тиіс. Ең бастысы, қала атауы ел тарихында өшпес із қалдырған тұлғаның есімімен сабақтасып, өткен мен бүгінді жалғап тұр.

Қапшағайдан Қонаевқа дейінгі жол – бұл географиялық өзгеріс қана емес, тарихи сананың жаңғыруы. Дінмұхаммед Қонаевтың ел дамуына қосқан үлесі қала атауында ғана емес, тұтас Қазақстанның қалыптасу тарихында мәңгі сақталмақ.

 

Тегтер: Басты жаңалықтарДінмұхамед ҚонаевҚонаев қаласы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында көші-қон заңын бұзған 9 шетелдік елден шығарылды

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Алматы облысындағы резонансты іс: ер адам 25 жылға сотталды

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Алматы облысында дәрігерлер күрделі ота жасап, науқастың өмірін сақтап қалды

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Іле ауданында 40 мыңға жуық ағаш отырғызылып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Алматы облысында 44,6 млрд теңгеге 7 агрожоба іске асады

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz