Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

2026 жылғы мерекелік күнтізбе: қазақстандықтар қанша күн демалады

2026 жылы мемлекеттік мерекелердің жұмыс күндеріне түсуіне және демалыс күндерінің ауыстырылуына байланысты қазақстандықтар ұзақ демалады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
09.01.2026
Аймақ, Алматы облысы

Қаңтар

Жаңа жыл мерекесіне орай тұрғындар төрт күн қатарынан демалады — 1–4 қаңтар аралығы.
Сондай-ақ 7 қаңтарда Рождество мерекесіне байланысты бір күн демалыс беріледі.

Наурыз

Наурыз айында екі ірі мереке қатар аталып өтеді — Халықаралық әйелдер күні мен Наурыз мейрамы.
8 наурыз жексенбіге сәйкес келгендіктен, демалыс күндері 7, 8 және 9 наурызды қамтиды.
Ал Наурыз мейрамына орай мерекелік күндер демалысқа ауыстырылып, қазақстандықтар 21–25 наурыз аралығында бес күн қатарынан демалады.

Мамыр

Мамыр айы да демалысқа бай болмақ.
1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні жұмаға сәйкес келеді. Осылайша демалыс 1–3 мамыр аралығында үш күнге созылады.
7 мамыр — Отан қорғаушылар күніне орай бір күн демалыс беріледі.
9 мамыр — Жеңіс күні сенбіге түскендіктен, демалыс 9–11 мамыр аралығын қамтиды.
Сонымен қатар 27 мамырда Құрбан айт мерекесі атап өтіледі. Бұл күн сәрсенбіге сәйкес келеді.

Шілде

6 шілде — Астана күні дүйсенбіге түсіп тұр. Осыған байланысты демалыс 4, 5 және 6 шілде күндерін қамтиды.

Тамыз

31 тамыз — Конституция күні дүйсенбіге сәйкес келеді. Демалыс күндері 29, 30 және 31 тамыз аралығында үш күн қатарынан беріледі.

Қазан

Республика күні 2026 жылы жексенбіге түседі. Осыған байланысты демалыс күні дүйсенбіге ауыстырылып, қазақстандықтар 24, 25 және 26 қазан күндері демалады.

Желтоқсан

Жыл соңында 16 желтоқсан — Тәуелсіздік күніне байланысты бір күн демалыс қарастырылған.

Осылайша, Қазақстан тұрғындары 2026 жылы мемлекеттік мерекелердің басым бөлігінде қатарынан үш және одан да көп күн демалу мүмкіндігіне ие болады.

Тегтер: қазақстанмереке

Соңғы жаңалықтар

Қонаевтағы 58 жыл жөндеу көрмеген гимназия жаңартылады

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Шеңгелдіде 16 көшенің жолы жөнделіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Райымбек ауданында алғаш рет егілген зығырды жинау басталды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Алматы облысында картоп жинау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Балқаш ауданында күріш жинау науқаны басталды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz