Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Атырауда із-түзсіз жоғалған отбасыға қатысты тың дерек шықты

Атырау облысы аумағында хабар-ошарсыз кеткен отбасыға қатысты жаңа дерек белгілі болды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
07.01.2026
Жаңалықтар

Полиция мәліметінше, із-түзсіз жоғалған ерлі-зайыптының мәйіттері табылған. Қазіргі уақытта тағы екі адамның жүрген жерін анықтау бойынша іздестіру шаралары жалғасып жатыр.

«Аталған дерек бойынша адам өлтіру белгілерімен қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілердің жеке басы анықталды. Қазіргі уақытта оларды іздеу және ұстау мақсатында құқық қорғау органдары жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп жатыр», – деп хабарлады Атырау облысы Полиция департаменті.

Ведомство өкілдерінің айтуынша, тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат әзірге жарияланбайды.

Еске салайық, 25 желтоқсанда Атырау облысының полициясына қала тұрғынынан ағасы мен оның отбасы бір айдан астам уақыт бойы хабар-ошарсыз кеткені жөнінде арыз түскен.

Полиция мәліметінше, Қызылқоға ауданына қарасты Жангелдин ауылының тұрғындары қараша айында өз үйлерінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, содан бері оралмаған.

Кейінірек әлеуметтік желілерде «Атырау облысында із-түзсіз кеткен отбасының тағы екі мүшесі жоғалғаны» туралы ақпарат тарады. Алайда Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл мәлімет ресми түрде тіркелмеген. Қазіргі уақытта ақпарат тексеріліп жатыр, ал туыстары аталған дерек бойынша арыз түсірмеген.

Тегтер: Атыраужаңалық

Соңғы жаңалықтар

Молодежный форум прошел в Талгарском районе

Николай Иващенко
20.03.2026

В рамках декады Наурызнама в полиции Алматинской области прошел день открытых дверей

Николай Иващенко
20.03.2026

230 банковских карт заблокировала полиция Алматинской области

Николай Иващенко
20.03.2026

Касым-Жомарт Токаев поздравил казахстанцев с праздником Ораза айт

Николай Иващенко
20.03.2026

«Все филиалы вузов в Казахстане призваны способствовать повышению конкурентоспособности в сфере высшего образования» — президент в Алматы

Николай Иващенко
19.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz