Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

2026 жылдан бастап жәрдемақы мен зейнетақы 10 пайызға өсті

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда мемлекеттік жәрдемақылардың, базалық және ынтымақты зейнетақылардың барлық түрлерінің мөлшері 10 пайызға өсті. Өсім Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындайтын инфляцияның болжамды деңгейіне сәйкес жүзеге асырылды. Бұл туралы 2026 жылғы 5 қаңтарда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
05.01.2026
Жаңалықтар

Ведомство мәліметінше, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2023 жылдан бастап бес жыл ішінде базалық зейнетақының ең төменгі мөлшерін ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызына дейін, ал ең жоғары мөлшерін 120 пайызына дейін кезең-кезеңімен арттыру көзделген.

Осыған сәйкес, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері 35 596 теңгені (ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызы), ал ең жоғары мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 110 пайызынан 118 пайызына дейін өсіп, 60 005 теңгені құрады.

Мемлекеттік жәрдемақылар мөлшері де артты

Министрлік мәліметінше, бірқатар мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері ұлғайтылды. Атап айтқанда:

  • 1, 2, 3 бала дүниеге келгенде берілетін жәрдемақы 149 416 теңгеден 164 350 теңгеге дейін өсті;

  • 4 және одан да көп бала туған жағдайда төленетін жәрдемақы 247 716 теңгеден 272 475 теңгеге дейін артты;

  • Бала санына байланысты көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы 4 баласы бар отбасылар үшін 63 030 теңгеден 69 330 теңгеге дейін, ал 10 баласы бар отбасылар үшін 157 280 теңгеден 173 000 теңгеге дейін көбейді;

  • I топтағы мүгедектігі бар адамдарға арналған жәрдемақы 101 702 теңгеден 111 872 теңгеге дейін,
    II топтағыларға – 81 362 теңгеден 89 498 теңгеге дейін,
    III топтағыларға – 55 474 теңгеден 61 021 теңгеге дейін ұлғайтылды.

Сондай-ақ Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры (МӘСҚ) арқылы төленетін асыраушысынан айырылу және еңбек ету қабілетінен айырылу бойынша әлеуметтік төлемдер де 10 пайызға артты. Бұл төлемдер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға бюджеттен төленетін мемлекеттік жәрдемақыларға қосымша ретінде жүзеге асырылады.

Министрлік әлеуметтік төлемдердің нақты мөлшері әр азамат үшін жеке есептелетінін айтады. Ол соңғы екі жылда МӘСҚ-қа аударылған әлеуметтік жарналарға негізделген орташа айлық табысқа, еңбек ету қабілетінен айырылу коэффициенттеріне, асырауындағы адамдар санына, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және табысты алмастыру деңгейіне байланысты болады.

Тегтер: қазақстанминистрлік

Соңғы жаңалықтар

Еңбекшіқазақ ауданында адасып кеткен балықшы аман-есен табылды

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында алма бақтарын зиянкестерден қорғаудың жаңа технологиясы енгізілуде

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында өртенген кәуапханадан 5 газ баллоны шығарылды

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысындағы түзеу мекемесінде қылмыстық топ құрған 10 адамға үкім шықты

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Қазақстанда білім гранттарына құжат қабылдау мерзімі белгілі болды

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz