Шараның мақсаты жас буынның әлеуетін арттырып, Алматы облысының үздік жас мамандарына қолдау көрсету. Алматы облысы әкімінің «Заңғар» жастар сыйлығына жастар саясатында белсенділік танытып, түрлі салада өзге жастарға үлгі боларлық нәтиже көрсетіп жүрген 14 пен 35 жас аралығындағы облыс жастары қатысты. Аталған ынталандыру 2022 жылдан бастау алып, биыл да жалғасын тапты.
«Заңғар» жастар сыйлығы бойынша жеңімпаздарға диплом мен 500 000 теңгенің сертификаты берілді.
«Үздік жас журналист номинациясының жеңімпазы, Alataunews.kz ақпарат агенттігінің тілшісі Балнұр Асанова ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.
«Ең алдымен, Алматы облысының әкіміне жастарды қолдауға бағытталған жүйелі саясаты, жас мамандардың еңбегін бағалап, сенім артып отырғаны үшін шынайы алғысымды білдіремін. Сондай-ақ, осы сыйлықты ұйымдастырып, жастардың әлеуетін ашуға мүмкіндік берген Алматы облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасына, ұйымдастырушыларға және қазылар алқасына зор ризашылығымды білдіремін. «Заңғар жастар сыйлығы» – бұл біз үшін үлкен жауапкершілік және жаңа белес. Осы сенімді ақтауға бар күш-жігерімді саламын. Сонымен қатар, бүгінгі байқауда жеңіске жеткен барлық жастарды шын жүректен құттықтаймын», — деп өз әсерімен бөлісті Балнұр Асанова.
Жеңімпаздар:
Курбанова Асель Ярмагаметқызы – «Үздік жас мемлекеттік қызметші» номинациясының жеңімпазы;
Оган Нурбек — «Үздік жас ұстаз» — номинациясының жеңімпазы;
Хамидолла Арайлым Кенжеғалиқызы – «Үздік жас дәрігер» номинациясының жеңімпазы;
Асанова Балнұр Тәуекелқызы – «Үздік жас журналист номинациясының жеңімпазы;
Мұхтасип Юсуф Бағытжанұлы – «Үздік жас спортшы» номинациясының жеңімпазы;
Таласбай Алмат Берікұлы – «Үздік жас кәсіптік маман» номинациясының жеңімпазы;
Юсупова Меруерт Маратовна — «Үздік жас кәсіпкер» номинациясының жеңімпазы;
Кенжеғали Нұржігіт Кенжеғалиұлы – «Үздік жас өнерпаз» номинациясының жеңімпазы;
Муртузаева Мунира Эльшадқызы – «Үздік жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушы» номинациясының жеңімпазы;
Аукен Айдос Бегланұлы — «Үздік жас волонтер» номинациясының жеңімпазы.

















