Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматыдағы онкологиялық диспансер есепшісі 53 млн теңгеден астам қаражатты жымқырған

Алматы облыстық онкологиялық диспансерінің бұрынғы есепшісі бюджет қаражатын жымқырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Alataunews.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

19.08.2022
Жаңалықтар, Қоғам

Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, Алматы қаласы Медеу ауданының №2 аудандық сотында бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылған Алматы қаласы облыстық онкологиялық диспансерінің бұрынғы есепшісіне қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотталушы қызмет бабын асыра пайдаланып, бірнеше жыл бойы аса ірі мөлшерде қаражат жымқырып келгендіктен, оның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігі, 2-тармағымен іс қозғалды.

«Сот бұрынғы есепшінің 2012 жылдың қаңтар айынан бастап 2015 жылға дейін кәсіпорынның есеп айырысу шотындағы электронды жүйеге қол жеткізіп, бас есепші қызметін атқара отырып, үшінші тұлғалардың шоттарынан бюджет қаражатын негізсіз аударып келгенін, кейін ол ақшаны қолма-қол ақшаға айналдырып келгенін анықтады. Бұрынғы қызметкер «Алматы облыстық онкологиялық диспансері» мекемесіне 53 000 000 теңгеден астам шығын келтірген», — делінген сот хабарламасында.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында сотталушы М.-ның ұрланған ақшаға жер телімін алып, сол жерге тұрғын үй салып, қымбат көліктер сатып алғаны анықталды.

Сотта сотталушы өз кінәсін толық мойындап, істеген ісіне өкінетінін айтты. Прокурор айыпталушыға тағылған айыптар бойынша оны кінәлі деп танып, мүлкін тәркілеп, 7 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Жаза тағайындау кезінде сот сотталушының өз кінәсін толық мойындағанын әрі балалары барын ескеріп, жазасын жеңілдетті.

«Сот үкімімен М. Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігі 2-тармағында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, сондай-ақ қылмыстық жолмен табылған мүлік тәркіленіп, бухгалтерлік қызметпен айналысу құқығынан 5 жылға шектетіліп, 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», — делінген хабарламада.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Тегтер: қылмыстық іс

Соңғы жаңалықтар

Үлкен Алматы айналмалы автожолында орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

«Көктем-2026»: Алматы облысында су тасқынына дайындық тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Сталкинг ісі: Алматы облысында актрисаның күйеуі қамауға алынды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматыда 8 келі метамфетаминмен ұсталған күдікті қамауға алынды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz