Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Шығыс Қазақстан облысында өгей әке 13 жастағы қызын бес жыл бойы зорлап келген

Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны 13 жастағы қызын күйеуінің бес жылдан бері зорлап келгенін мәлімдеп, Президенттен көмек сұрады, деп хабарлайды Alataunews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

19.08.2022
Жаңалықтар, Қоғам

Келіншектің айтуынша, ол 2016 жылы екінші рет тұрмыс құрған. Отау құрғаннан кейін күйеуі оны үнемі соққының астына алып келген. Әйелдің үндеуін адвокат Айман Омарова өзінің Facebook парақшасында жариялады.

«Құрметті Қасым Жомарт Кемелұлы! Сізге үш баланың анасы, Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының тұрғыны ретінде жүгінемін. 2016 жылы мен кішкентай қызымның өгей әкесімен некеге тұрдым. Ол уақытта қызымның жасы небәрі 8 жаста болған. Бес жыл бойы күйеуім мені үнемі қорлап, ұрып-соғатын. Соның кесірінен бірнеше рет ауруханаға да түстім. 2022 жылдың 9 қаңтарында ол маған тағы да қол көтерді, салдары ауыр болғаны сонша мен есімнен танып қалғанмын. Жасы 13-ке келген қызым мені көз жұмды деп ойлап, анама қоңырау соққан. Анам бірден келіп, мені жедел-жәрдемге салып, балаларды өзімен алып кетті», – дейді ол.

Дәл сол уақытта әйелдің қызы әжесі мен тәтесіне сұмдық жайттың бетін ашқан. Ол өгей әкесінен 8 жасынан бастап азғындық көргенін айтқан. Ер азамат 5 жыл бойы кішкентай қызға зорлық-зомбылық көрсетіп келген.

«Ол қызымды “болған жайтты біреуге айтатын болсаң, анаң мен сені өлтіріп тастаймын” деп қорқытқан. Сол үшін қызым ешкімге тіс жармай келіпті. Соңғы рет ол мұндай әрекетін 2022 жылдың 7 қаңтарында менің рұқсатымсыз фермаға алып кетіп жасаған. Мен 16 қаңтар күні Ұлан аудандық полицияға арыз жаздым. Процессуалдық прокурор мен психологтың қатысуымен болған жауап алу кезінде прокурор мен психологтың қатысумен тергеуші Шумақбаеваның сұрақтарына жауап берген уақытта қызым тағы да бір сұмдық жайт туралы айтып берді. 10 жаста болғанда оған өгей әкесі диванда жатқан жерінен зорлық әрекеттерін жасаған. Ол денесі ауырғаннан кейін, айқайлап қашып құтылуға тырысқан. Бірақ күйеуім оны әбден қорқытқан. Мен үйде жоқ кезде оған ылғи тиісіп отырған. Осы оқиғалар жанына батқаннан кейін қызым жазда суға батып өлмекші болыпты. Оның қызыма жасаған осындай сұмдық әрекеттерден кейін баланың ішегіне ауыр зақым келген. Қазіргі таңда ол дәретке отыра алмай қиналады», — дейді келіншек.

Әйелдің айтуынша, осы істегендерінен кейін құқық қорғау органдары тиісті шара қабылдамағанын, тіпті қыздың өгей әкесі күдікті деп те танылмағанын айтады.

«Біздің бетімізге күле қарап, ешнәрсені де дәлелдей алмайтынымызды айтады. Оның прокуратурада танысы бар. Дәлірек айтқанда, оның досы әрі сыныптасы Қалмаханов Бауыржан бірінші күннен бастап осы істің артында тұр», – дейді әйел.

Осы оқиғаға қатысты Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті пікір білдіріп, қылмыстық істі тергеу барысы бақылауда екенін хабарлады.

«Бұл іс бойынша тергеуді жыныстық азғындыққа қарсы қылмыстарға, оның ішінде кәмелетке толмағандардың ісіне мамандандырылған тергеу басқармасының аға тергеушісі жүзеге асырады. Қазіргі уақытта істің мән-жайларын зерттеудің жан-жақтылығын, толықтығын және объективтілігін қамтамасыз ету үшін дәлелдемелерді бекітуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. ҚР Қылмыстық-процестік кодексiнің 99-бабына (Қылмыстық процеске қатысушылардың өтiнiшхаттарын қараудың мiндеттiлiгi) сәйкес қылмыстық процеске қатысушылар сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамға процестік әрекеттерді жүргізу немесе процестік шешімдер қабылдау туралы өтінішхаттармен жүгінуге құқылы», – делінген хабарламада.

Тегтер: қоғамШығыс Қазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында заманауи спорт нысаны пайдалануға берілді

Қорлан Нұрланқызы
04.05.2026

5–7 мамырға ауа райы болжамы: жаңбыр, жел және тұман күтіледі

Қорлан Нұрланқызы
04.05.2026

Алматы облысында жасөспірімдер арасында жаппай төбелес болды

Қорлан Нұрланқызы
04.05.2026

Алматы облысы әлем мергендерін жинады: Әлем кубогы басталды

Қорлан Нұрланқызы
04.05.2026

Үш күнде 760 тонна қоқыс: Алматы облысында ауқымды тазалық акциясы өтті

Қорлан Нұрланқызы
03.05.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz