Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Атырауда әскерден бір айдан кейін үйіне қайтуы керек сарбаз қаза тапты

Атыраудағы шекара қызметінің 2016 әскери бөлімінде Отан алдында борышын өтеп жүрген сарбаз Нұрбек Ерғалиев белгісіз жағдайда қаза тапты, деп хабарлайды Alataunews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

19.08.2022
Жаңалықтар, Қоғам

Нұрбек Ерғаливтің өлімі туралы ақпарат алғаш әлеуметтік желіде пайда болды. Ол бір айдан кейін борышын аяқтап, үйіне оралуы тиіс болған. Алайда 18 тамыз күні жақындарына оның табыты жеткен.

«Әскерге борышын өтеуге кеткен ақтаулық сарбаз 2003 жылы туған Ерғалиев Нұрбек Наурызұлы 2022 жылдың 18 тамызында үйіне табытпен оралды. Ол әскерге былтыр күзде кетті, үйіне оралуға 1 ай қалған екен. Түнде инстаграмыма сарбаздың туыстары хат қалдырыпты», — деп жазады Бибігүл Рамазан Facebook парақшасында.

Туыстарының мәліметінше, бес сарбаз нарядтан түсіп келе жатқанда көліктері сынған. Үш сарбаз бұзылған көлікте қалып, марқұм Нұрбек пен командирі көмек сұрау үшін ұялы байланыс ұстайтын жер іздеп кеткен.

«Сарбаз мәйітханада жатыр. “Жолда әлсіреп бастарымыз айналып құстық, Нұрбектің аяғы істен шығып, әлсіреп өліп қалды” депті командирі. Қасындағы жігіт жолға шығып жаттым көмек келді депті. Сарбаз күндіз қайтыс болды, үйіне қаралы хабарды түнгі 3 те жеткен. 15 тамыз күні сарбаздардың әлеуметтік желідегі группасынан Нұрбек шығып кеткен, ол да белгісіз сұрақ? Нарядқа кеткен сарбаздар ішке келмеген соң, сағат 12:00 де артынан іздеп, екі көлік жібердік, кешкі сағат 6 кезінде сарбаздар табылған. Оқиға 80 шақырым жерде болған. Сонда сарбаздар таңертең нарядқа кетіп, көлік бұзылса, қолдарында 7 литр су бола тұра, неге отыра бермейді деген туыстарының жазбасы желіде тарап жүр», – деп жазған әлеуметтік желіде.

Сот-медициналық сараптаманың қорытындысы бойынша «кенеттен жүрек өлімі» деп көрсетілген. Жауынгердің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды.

«Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің басшылығы мен жеке құрамы марқұмның туған-туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып, оның отбасына қажетті көмек көрсету шараларын қабылдайды», — деп мәлімдеді

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.

Тегтер: сарбаз

Соңғы жаңалықтар

Астанада LRT-ны екі аптада 1 миллион адам пайдаланған

Қорлан Нұрланқызы
31.05.2026

1 маусым Алматы облысында ауа райы қандай болады?

Қорлан Нұрланқызы
31.05.2026

Президент қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандарын еске алды

Қорлан Нұрланқызы
31.05.2026

Көкжайлауда жоғалып кеткен шетелдік студент түнімен іздестірілді

Қорлан Нұрланқызы
30.05.2026

Жаңа Конституция: Қазақстанда кімдер қылмыстық және әкімшілік амнистияға ілігуі мүмкін

Қорлан Нұрланқызы
30.05.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz