Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

IFFHS рейтингі: «Қайрат» әлемдегі үздік 500 футбол клубының қатарына енді

Футбол тарихы мен статистикасының халықаралық федерациясы (IFFHS) 2025 жылға арналған әлемдегі үздік 500 футбол клубының жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
16.12.2025
Жаңалықтар

Аталған тізімге Қазақстаннан жалғыз клуб ретінде алматылық «Қайрат» енді. Команда 90,75 ұпай жинап, 240-орынға тұрақтаған.

IFFHS рейтингі клубтардың соңғы 12 ай ішіндегі ұлттық чемпионаттарда, кубоктық жарыстарда және халықаралық турнирлердегі нәтижелері негізінде қалыптастырылады. Бағалау барысында командалардың тұрақтылығы мен бәсекелік деңгейі ескеріледі.

Жаңартылған тізімге Еуропа, Латын Америкасы, Азия және Африка елдерінің жетекші клубтары енген. Ал «Қайрат» Шығыс Еуропа мен Орталық Азия өңірінен рейтингке іліккен санаулы командалардың бірі атанды.

Рейтинг көшін Францияның «Пари Сен-Жермен» клубы бастаса, екінші орынға Испанияның «Реал Мадриді» жайғасты. Ал үздік үштікті Англияның «Челси» командасы түйіндеді.

Тегтер: қазақстанфутбол

Соңғы жаңалықтар

СІМ басшысы: Қазақстан заңсыз көші-қонмен күресті күшейтіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Қазақстанда медициналық мақсаттағы есірткі құралдарының тізімі кеңейтілді

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында өрік фестивалі өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында 251 млн теңге субсидияны заңсыз алғандарға сот үкімі шықты

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz