Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

2026 жылғы ҰБТ: талапкерлерге арналған негізгі ақпарат жарияланды

Ұлттық тестілеу орталығы 2026 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) тапсыратын талапкерлерге арналған ақпараттық жадынама жариялады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
16.12.2025
Жаңалықтар

Орталықтың мәліметінше, талапкерлер ҰБТ-ны жылына 5 ретке дейін тапсыра алады. Тестілеу кезеңдері мен мақсаттары келесідей:

  • Қаңтар, наурыз және тамыз айларында – ақылы негізде оқуға түсу үшін (3 рет);

  • Негізгі ҰБТ (мамыр–шілде айлары) – мемлекеттік грант конкурсына қатысу үшін немесе ақылы оқуға түсу үшін (2 мүмкіндік).

ҰБТ-ға кімдер қатыса алады?

2026 жылы ҰБТ-ға төмендегі талапкерлер қатысу құқығына ие:

  • биылғы мектеп түлектері – қаңтар, наурыз, тамыз және негізгі ҰБТ;

  • шартты түрде оқып жатқан студенттер – қаңтар, наурыз, тамыз және негізгі ҰБТ;

  • колледж түлектері – қаңтар, наурыз, тамыз және негізгі ҰБТ;

  • өткен жылғы мектеп түлектері – қаңтар, наурыз, тамыз және негізгі ҰБТ;

  • шетелде білім алған Қазақстан Республикасының азаматтары – қаңтар, наурыз, тамыз және негізгі ҰБТ;

  • ұлты қазақ шетел азаматтары (қандастар) – қаңтар, наурыз, тамыз және негізгі ҰБТ.

Сондай-ақ, жекелеген санаттағы студенттер үшін қосымша мүмкіндіктер қарастырылған:

  • ақылы негізде басқа мамандыққа ауысқысы келетін шығармашылық мамандықтардың студенттері – қаңтар және тамыз айларындағы ҰБТ;

  • ақылы негізде «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласына ауысуды жоспарлаған студенттер – қаңтар және тамыз айларындағы ҰБТ-ны тапсыра алады.

Ұлттық тестілеу орталығы талапкерлерге тестілеу мерзімдері мен ережелерін алдын ала ескеріп, құжаттарды уақытылы дайындауға кеңес береді.

Тегтер: қазақстанҰБТ

Соңғы жаңалықтар

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
16.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
16.09.2026

Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ іс

Акжаркын
16.09.2026

Алматы облысының прокуратура қызметкеріне қатысты тексеру жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz