Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Әлеуметтік осал отбасыларға тегін газ тартылып жатыр

Halyk қайырымдылық қоры Алматыда әлеуметтік осал санаттағы тұрғын үйлерді газдандыру бойынша ауқымды жобаны іске асырып жатыр. Бұл бастаманың мақсаты — өз күшімен газға қосыла алмайтын отбасыларға қауіпсіз, экологияға зияны аз және үнемді жылу ұсыну, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
10.12.2025
Жаңалықтар

Қордың қолдауымен Алматыда шамамен 100 жеке тұрғын үйді газға қосу көзделген. Жобаға 200 миллион теңгеге жуық қаражат бағытталды. Қазір 50 үйде құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталып, жабдықтар орнатылды. Оның ішінен 42 үй газға қосылып, тұрғындар жаңа жүйенің жайлығын сезініп үлгерді. Қалған үйлер бойынша жұмыс кезең-кезеңімен жалғасып келеді.

Кімдер жылумен қамтылады?

Көмек алатын отбасылар тізімін Алматы қаласы әкімдігі жасайды. Жобаға көпбалалы отбасылар, жалғызбасты зейнеткерлер, мүгедектігі бар азаматтар және тұрмыс жағдайы ауыр өзге де жандар енгізілген.

Әлеуметтік осал азаматтар үшін қажет барлық жабдық Halyk қорының есебінен орнатылады:

  • газ есептегіштер;
  • газ плитасы;
  • радиаторлар;
  • ішкі жылыту жүйесінің құбырлары мен қосымша техникалық жабдықтар;
  • монтаж және іске қосу жұмыстары.

Тұрғындар жабдыққа да, орнату жұмыстарына да ақша төлемейді. Олар үшін ең бастысы — құжаттарын рәсімдеу ғана. Қалған жұмыс жоба ұйымдастырушыларының мойнында.

«Балаларымды үйде жалғыз қалдыруға қорқатынмын»

Жоба аясында алғашқы отбасылардың үйіне жылу кіріп те үлгерді. Медеу ауданында тұратын көпбалалы ана бұрын бұл «жылу» қол жетпес арман сияқты көрінгенін айтты.

Мен көпбалалы анамын. Алматыда жиырма жыл бойы пәтерде тұрдық, былтыр тәуекелге барып, несиеге үй сатып алдық. Несиені төлеп отырғандықтан, газ жүргізуге шама болмады. Екі жыл бұрын жүрегіме ота жасалды, денсаулығым әлі толық қалпына келген жоқ. Бүгінгі табысымыз өзімнің және қызымның ем-домын өтеуге жетеді. Былтыр қыста төрт тоннадан аса көмір жақтық. Пеш үнемі бұзылып қалатын: қабырғалары жарылып, үйдің іші түтінге толып, жылуы да аз болды. Біз үшін өте ауыр кезең еді. Балаларымды үйде жалғыз қалдыруға қорқатынмын . Иіс тиіп қала ма деп қатты уайымдайтынмын. Жақын арада газ өткіземіз деп мүлде ойлаған жоқпыз. Аллаға шүкір, үйімізге жылу кірді. Отбасымызға көрсеткен қамқорлығы мен жылу сыйлағаны үшін әкімдікке және Halyk қайырымдылық қорына шексіз алғыс айтамын», – деді Алматы қаласы Медеу ауданында тұратын көпбалалы ана Дамира Сұлтанмұратова.

Неге газға көшу маңызды?

Бұл – жай ғана инженерлік жоба емес, адамдардың өмір сапасын түбегейлі жақсартуға бағытталған қадам. Біріншіден, жер үйді көмірмен жылыту үшін қырыуар ақша кетеді. Газға өткенде шығын едәуір азайып, отбасы бюджетіне түсетін салмақ азаяды. Ал бұл — табысы аз отбасы үшін – үлкен қолдау.

Екіншіден, көмір түтін, күйе, шаң шығарады, үйдің ішін де, қаланың ауасын да ластайды. Газда түтін жоқ, күйе жоқ, үйдің іші таза, қабырға мен жиһаз қарайып кетпейді. Бұл балалардың денсаулығы, қарттардың тынысы, жалпы қаланың экологиялық ахуалы үшін аса маңызды.

Үшіншіден, пешке от жағу, көмір тасу, күл шығару – физикалық тұрғыдан ауыр жұмыс. Автоматты газ жылыту жүйесі болса, үй үнемі бірқалыпты жылы, температураны реттеу жеңіл, қарт адамдар мен мүгедектігі бар жандар үшін де анағұрлым қауіпсіз әрі қолайлы.

Осылайша, жоба бір мезетте екі міндетті орындайды: әлеуметтік тұрғыдан мұқтаж жандардың тұрмысын жеңілдетеді, экологиялық тұрғыдан Алматының ауасын тазартуға үлес қосады.

Біз халықтың базалық қажеттіліктерін шешуге бағытталған әлеуметтік жобалар жүзеге асырып келеді. Газға қосылу – маңызды инфрақұрылымдық мәселе. Алматылық отбасылардың үйін жылытуға үлес қосу — біз үшін де үлкен жауапкершілік әрі құрмет», — деді Halyk қорының басқарушы директоры Нариман Әбілшайықов.

Тегтер: газтұрғын үй

Соңғы жаңалықтар

Стандарты служебной этики государственных служащих

Николай Иващенко
20.03.2026

Добраться на аэротакси из Алатау до Алматы можно будет за 10 минут – Бозумбаев

Николай Иващенко
20.03.2026

Алатау — город будущего: ряд мировых компаний планируют запустить свои проекты в новом городе

Николай Иващенко
20.03.2026

ИИ-лекции и открытые встречи прошли по всей стране в рамках Digital Nauryz

Николай Иващенко
20.03.2026

Молодежный форум прошел в Талгарском районе

Николай Иващенко
20.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz