Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Головкин бокс даңқ залына енгізілген алғашқы қазақстандық болды

Ол бұл мәртебеге ие болған алғашқы қазақстандық атанды. Геннадий Головкин Халықаралық бокс Даңқ залына алғашқы мүмкіндігінде-ақ қабылданды, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
05.12.2025
Жаңалықтар

Геннадий Головкиннің әуесқой бокстағы жолы — орта салмақтың ең табысты мансаптарының бірі болды. Ол 350 жекпе-жек өткізіп, 345-інде жеңіске жеткен. Ұзақ жылдар бойы Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі ретінде ел мерейін үстем етті.

Кәсіпқой боксқа өткен соң, Геннадий Головкин орта салмақтың XXI ғасырда дүркіреген чемпиондарының біріне айналды.

Кәсіпқой рингте ол 45 кездесу өткізіп, 42 рет жеңіске жетті (37-сі нокаутпен). Ұзақ уақыт бойы P4P (pound-for-pound) рейтингінің көшін бастады. Кәсіпқой мансабында WBA, WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атанып, The Ring журналының беделді белбеуін иеленді.

2012 жылы HBO арнасымен келісімшартқа қол қойғаннан кейін Головкин премиум-арнаның басты жұлдызына айналды. Оның жекпе-жектері үнемі үлкен қызығушылық тудырып, нокаутқа негізделген шабуылшы стилі мен орта салмақтағы үстемдігі оны әлемдік аренадағы мәртебесін айшықтай түсті.

Тоғыз жылға созылған қатарынан 23 нокауттан тұратын жеңісті жолы — дивизион тарихында ең ұзақ сериялардың бірі болды. Сонымен қатар ол орта салмақтағы чемпиондық белбеулерін 21 рет сәтті қорғап, рекорд жасады. 90 пайыздан асатын нокаут көрсеткіші Гиннес рекордтар кітабында әлем чемпиондары арасындағы ең жоғары пайыздардың бірі ретінде тіркелген. Бұл көрсеткіш те оны қазіргі бокстың ұлы тұлғаларының бірі екенін айқындайды.

Осы статистиканың ар жағында — жылдар бойғы тәртіп, ішкі күш-қуат, мықты жігер және ұлы спортшыларды даралайтын табандылық жатыр. Әр дәл тиген соққы оның ұлылыққа бастар жолындағы бір қадам болды. Ал оның стилі кәсіби бокстың үлгісіне айналды.

Бүгінде Геннадий Головкин ел намысын жаңа деңгейде қорғап жүр. Қазіргі таңда ол басқару саласында еңбек етуде. Даңқты боксшы Қазақстанның Ұлттық Олимпиадалық комитетін және World Boxing ұйымын басқарады. Осылайша халықаралық спорт ұйымына жетекшілік еткен алғашқы қазақстандық атанды.

Оның Халықаралық бокс Даңқ залына енуі — тек жетістіктері үшін марапат емес, әлемдік бокстың тарихында терең із қалдырған әрі шаршы алаңнан тыс жерде де спорттың дамуына ықпал етіп келе жатқан тұлғаның еңбегін бағалау.

Геннадий Головкиннің есімі енді әлемдік бокс тарихын қалыптастырған ұлы тұлғалардың қатарында ресми түрде аталатын болды.

Әр жылдары бұл қатарға Мұхаммед Әли, Майк Тайсон, Флойд Мейвезер және Мэнни Пакьяо сынды даңқты спортшылар енген.

Тегтер: Басты жаңалықтарбоксгеннадий головкин

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Шайдоровты ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысының әкімі «ДАМУ» орталығының еңбек ұжымымен кездесті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында цифрландыру мен жасанды интеллект талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Қонаевта Gas Gun Competition PRS бойынша Алматы облысының кубогі өтті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында профилактикалық кабинеттер ашылды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz